Қоғам

Қазақстанда утилизациялық алымның мемлекеттік операторы құрылады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуРоссийские автономера
Российские автономера  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2022
Жазылу
Сондай-ақ утилизациялық алым коэффициенттері қайта қаралады. деді министр Брекешев
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда утилизациялық алым бойынша мемлекеттік оператор құрылады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін президент қазақстандықтардан утилизациялық алым жинайтын жекеменшік "Оператор РОП" компаниясының қызметін тоқтатуды тапсырған болатын.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты утилизациялық алым бойынша жеке мемлекеттік оператор құру жоспарланып отыр. Немесе ол өнеркәсіпті дамыту қоры базасында ашылады", - деді Брекешев.
Сондай-ақ утилизациялық алым коэффициенттері қайта қаралады.
Утилизациялық алым есебінен отандық көліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алушыларға ваучер беріледі.
Министр "Оператор РОП" ЖШС 2015 жылдың соңында үкімет қаулысымен құрылғанын атап өтті. 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін утилизациялық алым түрінде компанияға 691,9 миллиард теңге түскен.
"Алынған қаражат қолданыстағы заңнамаға сай жұмсалды", - деді ведомство басшысы.
Атап айтқанда, отандық автокөлік өндірушілерге 338,9 миллиард теңге қайтарылды.
Экологиялық мәселелерді шешуге 102 миллиард теңге, ал салықтарға 49,1 миллиард теңге жұмсалды.
Брекешевтің айтуынша, қазір екінші деңгейлі банктерде қалған қаржы сомасы 220,6 миллиард теңгені құрайды.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0