https://sputnik.kz/20220112/utilizatsiyalyk-alym-operator-19121579.html
Қазақстанда утилизациялық алымның мемлекеттік операторы құрылады
Қазақстанда утилизациялық алымның мемлекеттік операторы құрылады
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ утилизациялық алым коэффициенттері қайта қаралады. деді министр Брекешев 12.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-12T09:32+0500
2022-01-12T09:32+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
көлік
салық
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18626122_0:149:3115:1901_1920x0_80_0_0_e3c66bea130f646100f7f82ea38b4a21.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда утилизациялық алым бойынша мемлекеттік оператор құрылады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұған дейін президент қазақстандықтардан утилизациялық алым жинайтын жекеменшік "Оператор РОП" компаниясының қызметін тоқтатуды тапсырған болатын. Сондай-ақ утилизациялық алым коэффициенттері қайта қаралады. Утилизациялық алым есебінен отандық көліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алушыларға ваучер беріледі. Министр "Оператор РОП" ЖШС 2015 жылдың соңында үкімет қаулысымен құрылғанын атап өтті. 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін утилизациялық алым түрінде компанияға 691,9 миллиард теңге түскен."Алынған қаражат қолданыстағы заңнамаға сай жұмсалды", - деді ведомство басшысы. Атап айтқанда, отандық автокөлік өндірушілерге 338,9 миллиард теңге қайтарылды. Экологиялық мәселелерді шешуге 102 миллиард теңге, ал салықтарға 49,1 миллиард теңге жұмсалды. Брекешевтің айтуынша, қазір екінші деңгейлі банктерде қалған қаржы сомасы 220,6 миллиард теңгені құрайды.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18626122_191:0:2922:2048_1920x0_80_0_0_76fcfad6ae59696d859f13aa12dddb98.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік, салық
Қазақстанда утилизациялық алымның мемлекеттік операторы құрылады
09:32 12.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Сондай-ақ утилизациялық алым коэффициенттері қайта қаралады. деді министр Брекешев
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда утилизациялық алым бойынша мемлекеттік оператор құрылады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін президент қазақстандықтардан утилизациялық алым жинайтын жекеменшік "Оператор РОП" компаниясының қызметін тоқтатуды тапсырған болатын.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты утилизациялық алым бойынша жеке мемлекеттік оператор құру жоспарланып отыр. Немесе ол өнеркәсіпті дамыту қоры базасында ашылады", - деді Брекешев.
Сондай-ақ утилизациялық алым коэффициенттері қайта қаралады.
Утилизациялық алым есебінен отандық көліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алушыларға ваучер беріледі.
Министр "Оператор РОП" ЖШС 2015 жылдың соңында үкімет қаулысымен құрылғанын атап өтті. 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін утилизациялық алым түрінде компанияға 691,9 миллиард теңге түскен.
"Алынған қаражат қолданыстағы заңнамаға сай жұмсалды", - деді ведомство басшысы.
Атап айтқанда, отандық автокөлік өндірушілерге 338,9 миллиард теңге қайтарылды.
Экологиялық мәселелерді шешуге 102 миллиард теңге, ал салықтарға 49,1 миллиард теңге жұмсалды.
Брекешевтің айтуынша, қазір екінші деңгейлі банктерде қалған қаржы сомасы 220,6 миллиард теңгені құрайды.