Қоғам

30 градус аяз болады: үш күнге болжам жасалды

© Sputnik / Абзал КалиевСиница на заиндевелых веточках березы
Синица на заиндевелых веточках березы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Жазылу
Синоптиктер 2022 жылдың 11-13 қаңтарына жасалған ауа райы болжамын жариялады
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет мамандары 11, 12, 13 қаңтарда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына әлі де Солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп жатыр. 20-25 градус, кей жерлерде 30 градусқа дейін аяз сақталады.
"12 қаңтарда Солтүстік және Оңтүстік циклондардың әсерінен қар жауып, боран соғады, сондай-ақ ауа температурасы қысқа мерзімге көтеріледі. Алайда 13 қаңтарда суық Солтүстік-батыс антициклоны артқа қарай жылжып, солтүстік-батысқа, солтүстікке, шығысқа, елдің орталығына қайтадан 30 градусқа дейін аяз әкеледі", - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.
Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлеріне келетін болсақ, мұнда оңтүстік циклонның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, сондай-ақ ауа температурасы 2-10 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.
Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады   
Жаңалықтар
0