https://sputnik.kz/20220111/30-gradus-ayaz-bolady-19108105.html
30 градус аяз болады: үш күнге болжам жасалды
30 градус аяз болады: үш күнге болжам жасалды
Sputnik Қазақстан
Синоптиктер 2022 жылдың 11-13 қаңтарына жасалған ауа райы болжамын жариялады 11.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-11T07:44+0500
2022-01-11T07:44+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
ауа райы болжамы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/08/15683265_0:0:2663:1498_1920x0_80_0_0_0fc4bfd8b59450b35d9fc87823114be6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет мамандары 11, 12, 13 қаңтарда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына әлі де Солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп жатыр. 20-25 градус, кей жерлерде 30 градусқа дейін аяз сақталады."12 қаңтарда Солтүстік және Оңтүстік циклондардың әсерінен қар жауып, боран соғады, сондай-ақ ауа температурасы қысқа мерзімге көтеріледі. Алайда 13 қаңтарда суық Солтүстік-батыс антициклоны артқа қарай жылжып, солтүстік-батысқа, солтүстікке, шығысқа, елдің орталығына қайтадан 30 градусқа дейін аяз әкеледі", - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлеріне келетін болсақ, мұнда оңтүстік циклонның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, сондай-ақ ауа температурасы 2-10 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/08/15683265_368:0:2365:1498_1920x0_80_0_0_54736f6816060a3a61685973f8daba2f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы болжамы
30 градус аяз болады: үш күнге болжам жасалды
07:44 11.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Синоптиктер 2022 жылдың 11-13 қаңтарына жасалған ауа райы болжамын жариялады
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет мамандары 11, 12, 13 қаңтарда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына әлі де Солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп жатыр. 20-25 градус, кей жерлерде 30 градусқа дейін аяз сақталады.
"12 қаңтарда Солтүстік және Оңтүстік циклондардың әсерінен қар жауып, боран соғады, сондай-ақ ауа температурасы қысқа мерзімге көтеріледі. Алайда 13 қаңтарда суық Солтүстік-батыс антициклоны артқа қарай жылжып, солтүстік-батысқа, солтүстікке, шығысқа, елдің орталығына қайтадан 30 градусқа дейін аяз әкеледі", - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.
Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлеріне келетін болсақ, мұнда оңтүстік циклонның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, сондай-ақ ауа температурасы 2-10 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.