Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Жаппай митинг: Алматыда 7 адам жансақтау бөлімінде жатыр

© Sputnik / Алексей Сухоруков / Медиабанкке өтуПациент перед операцией, архивное фото
Пациент перед операцией, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2022
Жазылу
Емдеу мекемелеріне жүз тоқсан адам жүгінген. Оның ішінде жүз елу адам жедел жәрдем арқылы жеткізілді
АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Алматыда наразылықтар кезінде 200-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, емдеу мекемелеріне 190 адам жүгінген. Оның ішінде 150 адам жедел жәрдем арқылы жеткізілсе, қалған 40 адам өз өтініші бойынша барған.
"40 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 7 зардап шеккен адам жансақтау бөлімінде жатыр. Жансақтау бөліміне түскен жеті адамның ішінде 4 полицей бар", - делінген ақпаратта.
Зардап шеккендердің 137-сі полиция қызметкері.

Жаппай тәртіпсіздіктер

2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.
Маңғыстау облысында басталған наразылықтар елдің өзге өңірлерінде де жалғасты. Артынша Ақтөбе әкімдігі де наразылық білдіргендердің екі талабы – митинг барысында қамауға алынғандар босатылып, сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін арзандатылғанын хабарлады.
4 қаңтар кешке жағдай күрделеніп, Алматыдағы наразылық соңы тәртіпсіздікке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көлігін қиратты. Жағдай ушыққан соң қаладағы тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ қолданды. Наразылыққа шыққандар қаладағы үлкен көшелермен жүріп, қала әкімдігі ғимаратына дейін барды. Ол жерді арнайы жасақ қызметкерлері қоршауға алған.
Түнде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 5 қаңтар сағат 01:30-дан 19 қаңтар сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
Қазақстанның ең ірі қаласында қазір қоғамдық көлік жүрмейді, қала тұрғындарынан қашықтан жұмыс істеуді сұрады. Қаладағы барлық ірі сауда және ойын-сауық орталықтары мен дүкендер жабық тұр.
Республика алаңын бронды көлік мінген әскерилер қоршаған, сондай-ақ полиция сол маңды қатаң күзетіп отыр. Алаң бойынша қозғалыс тоқтаған. Бронды техника жанында екі жүзге жуық әскери қызметші кезекшілік етіп тұр.
Жаңалықтар
0