https://sputnik.kz/20220105/miting-almaty-jansaqtau-19056930.html
Жаппай митинг: Алматыда 7 адам жансақтау бөлімінде жатыр
Жаппай митинг: Алматыда 7 адам жансақтау бөлімінде жатыр
Sputnik Қазақстан
Емдеу мекемелеріне жүз тоқсан адам жүгінген. Оның ішінде жүз елу адам жедел жәрдем арқылы жеткізілді 05.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-05T12:48+0500
2022-01-05T12:48+0500
2022-05-23T15:55+0500
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
митинг
алматы
жансақтау бөлімі
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/972/05/9720568_0:151:2565:1594_1920x0_80_0_0_7041ddffc85c88ac231a27f6a6cd1bbd.jpg
АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Алматыда наразылықтар кезінде 200-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, емдеу мекемелеріне 190 адам жүгінген. Оның ішінде 150 адам жедел жәрдем арқылы жеткізілсе, қалған 40 адам өз өтініші бойынша барған."40 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 7 зардап шеккен адам жансақтау бөлімінде жатыр. Жансақтау бөліміне түскен жеті адамның ішінде 4 полицей бар", - делінген ақпаратта.Зардап шеккендердің 137-сі полиция қызметкері.Жаппай тәртіпсіздіктер2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.Маңғыстау облысында басталған наразылықтар елдің өзге өңірлерінде де жалғасты. Артынша Ақтөбе әкімдігі де наразылық білдіргендердің екі талабы – митинг барысында қамауға алынғандар босатылып, сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін арзандатылғанын хабарлады.4 қаңтар кешке жағдай күрделеніп, Алматыдағы наразылық соңы тәртіпсіздікке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көлігін қиратты. Жағдай ушыққан соң қаладағы тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ қолданды. Наразылыққа шыққандар қаладағы үлкен көшелермен жүріп, қала әкімдігі ғимаратына дейін барды. Ол жерді арнайы жасақ қызметкерлері қоршауға алған.Түнде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 5 қаңтар сағат 01:30-дан 19 қаңтар сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды.Қазақстанның ең ірі қаласында қазір қоғамдық көлік жүрмейді, қала тұрғындарынан қашықтан жұмыс істеуді сұрады. Қаладағы барлық ірі сауда және ойын-сауық орталықтары мен дүкендер жабық тұр.Республика алаңын бронды көлік мінген әскерилер қоршаған, сондай-ақ полиция сол маңды қатаң күзетіп отыр. Алаң бойынша қозғалыс тоқтаған. Бронды техника жанында екі жүзге жуық әскери қызметші кезекшілік етіп тұр.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/972/05/9720568_120:0:2445:1744_1920x0_80_0_0_9e69adc66f8ea91d084100160fe1947e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты, митинг, алматы, жансақтау бөлімі
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты, митинг, алматы, жансақтау бөлімі
Жаппай митинг: Алматыда 7 адам жансақтау бөлімінде жатыр
12:48 05.01.2022 (жаңартылды: 15:55 23.05.2022) Емдеу мекемелеріне жүз тоқсан адам жүгінген. Оның ішінде жүз елу адам жедел жәрдем арқылы жеткізілді
АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Алматыда наразылықтар кезінде 200-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, емдеу мекемелеріне 190 адам жүгінген. Оның ішінде 150 адам жедел жәрдем арқылы жеткізілсе, қалған 40 адам өз өтініші бойынша барған.
"40 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 7 зардап шеккен адам жансақтау бөлімінде жатыр. Жансақтау бөліміне түскен жеті адамның ішінде 4 полицей бар", - делінген ақпаратта.
Зардап шеккендердің 137-сі полиция қызметкері.
2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.
Маңғыстау облысында басталған наразылықтар елдің өзге өңірлерінде де жалғасты. Артынша Ақтөбе әкімдігі де наразылық білдіргендердің екі талабы – митинг барысында қамауға алынғандар босатылып, сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін арзандатылғанын хабарлады.
4 қаңтар кешке жағдай күрделеніп, Алматыдағы наразылық соңы тәртіпсіздікке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көлігін қиратты. Жағдай ушыққан соң қаладағы тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ қолданды. Наразылыққа шыққандар қаладағы үлкен көшелермен жүріп, қала әкімдігі ғимаратына дейін барды. Ол жерді арнайы жасақ қызметкерлері қоршауға алған.
Түнде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 5 қаңтар сағат 01:30-дан 19 қаңтар сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
Қазақстанның ең ірі қаласында қазір қоғамдық көлік жүрмейді, қала тұрғындарынан қашықтан жұмыс істеуді сұрады. Қаладағы барлық ірі сауда және ойын-сауық орталықтары мен дүкендер жабық тұр.
Республика алаңын бронды көлік мінген әскерилер қоршаған, сондай-ақ полиция сол маңды қатаң күзетіп отыр. Алаң бойынша қозғалыс тоқтаған. Бронды техника жанында екі жүзге жуық әскери қызметші кезекшілік етіп тұр.