https://sputnik.kz/20211224/Mektep-direktory-kolik-18973043.html
Мектеп директоры көлікпен оқушыны қағып кетті – оқиғаның мән-жайы
Мектеп директоры көлікпен оқушыны қағып кетті – оқиғаның мән-жайы
Sputnik Қазақстан
Білім беру басқармасы директордың денсаулық жағдайына байланысты демалыс алғанын хабарлады 24.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-24T09:04+0500
2021-12-24T09:04+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
мектеп директоры
көлік
жол апаты
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e5/02/10/16304614_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_1654a1c0e30a58d4e4617eca55aa9c05.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Торғай ауылында рөлге мас күйінде отырған мектеп директоры оқушы қызды қағып кетті. Оқиға 20 желтоқсан күні кешкі сағат 18:40-тың кезінде Жангелдин ауданында болған.Мәуленов пен Құлжанов көшелерінің қиылысында Volkswagen Polo маркалы көліктің 62 жастағы жүргізушісі 14 жастағы қызды қағып кеткен. Рөлде ауыл мектебінің директоры отырған. Денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, көлік астына түскен қыз бірден Жангелдин аудандық ауруханасына жеткізілді. Көлік оны оң жақ жамбасынан соққан. Оқушы қатты қорқып қалды. Тексерістен кейін үйіне жіберілді. Жарақат алмаған. Ал Қостанай облыстық білім беру басқармасы директордың денсаулық жағдайына байланысты демалыс алғанын хабарлады. "Жұмысқа шыққаннан кейін оның мәселесі педагогикалық этика жөніндегі кеңестің отырысында қаралады", - дейді мамандар. Құқық қорғау органдары талап етсе, тергеу кезінде мектеп директорын қызметтен шеттетуі мүмкін.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/10/16304614_646:0:2897:1688_1920x0_80_0_0_7dc3561f98e424b61274ed40f6ae8b47.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп директоры, көлік, жол апаты, оқушы
мектеп директоры, көлік, жол апаты, оқушы
Мектеп директоры көлікпен оқушыны қағып кетті – оқиғаның мән-жайы
09:04 24.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Білім беру басқармасы директордың денсаулық жағдайына байланысты демалыс алғанын хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Торғай ауылында рөлге мас күйінде отырған мектеп директоры оқушы қызды қағып кетті.
Оқиға 20 желтоқсан күні кешкі сағат 18:40-тың кезінде Жангелдин ауданында болған.
Мәуленов пен Құлжанов көшелерінің қиылысында Volkswagen Polo маркалы көліктің 62 жастағы жүргізушісі 14 жастағы қызды қағып кеткен. Рөлде ауыл мектебінің директоры отырған.
"Медициналық тексеріс кезінде көлік жүргізушісі жеңіл дәрежеде мас болған. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Соның негізінде процессуалдық шешім шығарылады", - дейді полицейлер.
Денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, көлік астына түскен қыз бірден Жангелдин аудандық ауруханасына жеткізілді. Көлік оны оң жақ жамбасынан соққан. Оқушы қатты қорқып қалды. Тексерістен кейін үйіне жіберілді. Жарақат алмаған.
Ал Қостанай облыстық білім беру басқармасы директордың денсаулық жағдайына байланысты демалыс алғанын хабарлады.
"Жұмысқа шыққаннан кейін оның мәселесі педагогикалық этика жөніндегі кеңестің отырысында қаралады", - дейді мамандар.
Құқық қорғау органдары талап етсе, тергеу кезінде мектеп директорын қызметтен шеттетуі мүмкін.