Оқиға

Түркістан облысында адам қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинТреснутое лобовое стекло автомобиля, архивное фото
Треснутое лобовое стекло автомобиля, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2021
Жазылу
Opel Vectra жүргізушісі 50 жас шамасындағы ер адамды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында полицейлер жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Түлкібас аудандық полиция бөліміне жол апаты болғаны жайлы шұғыл хабарлама түскен. Полицейлер Азаттық ауылындағы Навои көшесінің бойында Opel Vectra жүргізушісі 50 жас шамасындағы ер азаматты қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалағанын анықтады. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмған.
Мәйітке қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның Түлкібас ауданының тұрғыны екені белгілі болды.
Тәртіп сақшылары жол апатын жасап, қашып кеткен жүргізушіні ұстауға жұмылдырылды. Оқиға орнын қарау барысында автокөлік әйнегінің сынықтары, тағы басқа да дәлелдемелер алынып, соның нәтижесінде адам қаққан Opel Vectra көлігі екені анықталды. Осылайша жергілікті тұрғын ұсталды.
Қазіргі таңда күдікті азамат қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды. 
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0