https://sputnik.kz/20211223/Ministr-Ilin-zhalaqy-18966248.html
Министр Ильин қанша жалақы алатынын айтты
Министр Ильин қанша жалақы алатынын айтты
Sputnik Қазақстан
Министр қатардағы құтқарушылардың жалақысы аз екенін, алайда екі жылдың ішінде едәуір көтерілетінін атап өтті 23.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-23T13:45+0500
2021-12-23T13:45+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
жалақы
министр
https://sputnik.kz/img/926/33/9263395_0:-1:1275:720_1920x0_80_0_0_04d616c79bc64eab2f8250e310de45fd.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ай сайын қанша алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Менің жалақым шамамен 1 миллион теңге болады. Әрбір министрдің айлығын үкімет бекітеді", - деді Ильин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.Министр қатардағы құтқарушылардың жалақысы төмен екенін мойындады. Бірақ екі жылдың ішінде айлық едәуір көтеріледі.Осы орайда журналистер министр мен қатардағы өрт сөндірушінің жалақысы арасындағы айырмашылық тым үлкен екенін айтып, Ильиннің жеке ойын сұрады."Нақты қарайтын болсақ, өрт сөндірушілер бір тәулік, кей кезде араға бір күн салып, жұмыс істейді. Ал министр тәулік бойы, күніне 24 сағат жұмыс істейді. Сосын министрдің жауапкершілігі қатардағы өрт сөндірушіден кем емес", - деп жауап берді Ильин.Ресми мәліметке сәйкес, азаматтық қорғаныс органдарында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру жоспарланып отыр. Биыл өрт сөндірушілердің жалақысы 20-50 процентке өссе, келесі жылы тағы 29 процентке артады.Оқи отырыңыз: Дәурен Абаев министрлер мен әкімдердің жалақысын сұрауды хайп деп атады
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/926/33/9263395_0:-1:1147:720_1920x0_80_0_0_bb72e8c7f4f8d959632f983f06bc8c2c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы, министр
Министр Ильин қанша жалақы алатынын айтты
13:45 23.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Министр қатардағы құтқарушылардың жалақысы аз екенін, алайда екі жылдың ішінде едәуір көтерілетінін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ай сайын қанша алатынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Менің жалақым шамамен 1 миллион теңге болады. Әрбір министрдің айлығын үкімет бекітеді", - деді Ильин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Министр қатардағы құтқарушылардың жалақысы төмен екенін мойындады. Бірақ екі жылдың ішінде айлық едәуір көтеріледі.
"2023 жылы барлық қызметкеріміз, төтенше жағдайлар министрлігі ғана емес, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің мамандары да ҰҚК қызметкерлеріне төленетін жалақының 80 процентін алады. Бұл дегеніміз, күш құрылымдарында жұмыс істейтін қызметкерлер лауазымына қарай шамамен бірдей жалақы алады", - деп атап өтті Ильин.
Осы орайда журналистер министр мен қатардағы өрт сөндірушінің жалақысы арасындағы айырмашылық тым үлкен екенін айтып, Ильиннің жеке ойын сұрады.
"Нақты қарайтын болсақ, өрт сөндірушілер бір тәулік, кей кезде араға бір күн салып, жұмыс істейді. Ал министр тәулік бойы, күніне 24 сағат жұмыс істейді. Сосын министрдің жауапкершілігі қатардағы өрт сөндірушіден кем емес", - деп жауап берді Ильин.
Ресми мәліметке сәйкес, азаматтық қорғаныс органдарында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру жоспарланып отыр. Биыл өрт сөндірушілердің жалақысы 20-50 процентке өссе, келесі жылы тағы 29 процентке артады.