Қоғам

"Ойланыңыз": министрлік өкілі жаңа жылдық корпоративке қатысты ұстанымын айтты

CC0 / pixabay.com / Праздничный стол, иллюстративное фото
Праздничный стол, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2021
Жазылу
Комитет басшысы коронавирусқа қарсы екпе алған адамдар да сақтық шараларына бей-жай қарамау қажеттігін жеткізді
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты санитариялық-эпидемиологиялық комитеттің басшысы Айжан Есмағамбетова жаңа жылдық корпоративке барардың алдында жақсылап ойлануға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрліктің болжамына сәйкес, 2022 жылы қаңтар айында оптимистік сценарий болса, күніне коронавирус жұқтырған 650 адам анықталатын болады. Реалистік сценарийде – 1,5 мың, ал пессимистік болжам бойынша күн сайын 3 мың науқас тіркеледі.
"Осы жерде маңызды бір мәселені ескеру керек. Ұзақ демалыстар мен мейрамдардың алдында бәріміз білетін алдын алу шараларын сақтамасақ, пессимистік сценариймен кетіп қалуымыз әбден мүмкін. Сондықтан не айтсақ, қандай кеңес берсек те, бәрі өз қолымында екенін ұмытпауымыз қажет", - деді Есмағамбетова журналистерге берген сұхбатында.
Комитет басшысы коронавирусқа қарсы екпе алған адамдар да сақтық шараларына бей-жай қарамау қажеттігін жеткізді. Ал жаңа жылдық корпоративке барардың алдында жақсылап тұрып ойлану қажет.
"Вакцина салдырсақ та, сақтық шараларын ұмытпауымыз керек. Әрине, жаңа жылдық корпоративке барардың алдында жақсылап ойланыңыз. Біз – санитар дәрігерлер онсыз да жаңа жылдық мейрамдар кезінде қатты алаңдап отырамыз. Коронавирус ешқайда кеткен жоқ. Біз осы вирустың мутацияға түсіп жатқанын да көріп отырмыз", - деп атап көрсетті Есмағамбетова.
Оның айтуынша, әрбір қазақстандық корпоративтің барардың алдында ойланып, сақтық шараларын барынша ұстаса, реалистік сценариймен де шығып кетуге болады. Ең бастысы пессимистік болжамға жол бермеу керек. Оған қоса, әлемдегі жағдай алаңдатып отыр. Шетелде коронавирусты жұқтыру жағдайлары көбейіп барады.
Айта кетері, үкіметтің бүгінде отырысында денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев осы айда оптимистік сценарий іске асып жатқанын мәлімдеді. Тәулігіне орта есеппен 560 науқас тіркеліп жатыр. Республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғаны байқалады.
Ал премьер-министр Асқар Мамин әлемде коронавирустың "омикрон" штамының таралуына байланысты тапсырма берді. Бүгінде жаңа штамға байланысты науқастанудың кезекті толқыны басталып жатыр.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0