https://sputnik.kz/20211222/ukimet-shtam-tapsyrma-18951104.html
"Кезекті толқын басталып жатыр": үкімет басшысы жаңа штамм бойынша тапсырма берді
"Кезекті толқын басталып жатыр": үкімет басшысы жаңа штамм бойынша тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
Осы орайда үкімет басшысы вирустың жаңа штамы әлем бойынша тез таралып жатқанын ерекше атап өтті 22.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-22T08:27+0500
2021-12-22T08:27+0500
2023-08-09T09:51+0500
денсаулық
коронавирус
толқын
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e5/08/02/17748131_0:68:3279:1922_1920x0_80_0_0_521136c101a55d1a3cae19c5654f993c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин әлемде коронавирустың жаңа штамы – "омикронның" таралуына байланысты тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Осы орайда үкімет басшысы вирустың жаңа штамы әлем бойынша тез таралып жатқанын ерекше атап өтті."Осыған байланысты ғимараттардың ішінде және қоғамдық көлікте маска киюге, адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтауға аса назар аудару қажет", - деді Мамин.Премьер-министр вакцинация мен ревакцинация шараларына баса мән беру қажеттігін де жеткізді.Қазіргі кезде, шамамен, 9 миллион адам вакцинаның бірінші дозасын салдырды. Бұл 18 жастан асқан халықтың 80 процентін құрайды. Осы уақытқа дейін 8,4 миллион адам вакциналаудың толық курсынан өтті.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/02/17748131_20:-1:3279:2048_1920x0_80_0_0_886c3ee5a0bf7329bce5bceffeb040d0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус, толқын, үкімет
коронавирус, толқын, үкімет
"Кезекті толқын басталып жатыр": үкімет басшысы жаңа штамм бойынша тапсырма берді
08:27 22.12.2021 (жаңартылды: 09:51 09.08.2023) Осы орайда үкімет басшысы вирустың жаңа штамы әлем бойынша тез таралып жатқанын ерекше атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин әлемде коронавирустың жаңа штамы – "омикронның" таралуына байланысты тапсырма берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жалпы, эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп айтуға болады. Инфекциялық және реанимациялық орындардың жүктелуі 19 процентті құрап отыр. "Жасыл" аймақта 15 өңір, "сары" аймақта – екі өңір, олар – Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары. Дегенмен, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды, әсіресе, мемлекеттік шекарада жалғастыру қажет. Көптеген елдерде жаңа штамға байланысты науқастанудың кезекті толқыны басталып жатыр", - деп атап өтті Мамин.
Осы орайда үкімет басшысы вирустың жаңа штамы әлем бойынша тез таралып жатқанын ерекше атап өтті.
"Осыған байланысты ғимараттардың ішінде және қоғамдық көлікте маска киюге, адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтауға аса назар аудару қажет", - деді Мамин.
Премьер-министр вакцинация мен ревакцинация шараларына баса мән беру қажеттігін де жеткізді.
Қазіргі кезде, шамамен, 9 миллион адам вакцинаның бірінші дозасын салдырды. Бұл 18 жастан асқан халықтың 80 процентін құрайды. Осы уақытқа дейін 8,4 миллион адам вакциналаудың толық курсынан өтті.