13:38 29 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD433.83
  • EUR482.81
  • RUB5.57
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (447)
82 0 0

Алматының бас санитар дәрігері қала тұрғындарын вакцина салдыруға шақырып, қай вакцина ең тиімді және ұзақ уақыт әсер ететінін айтты

АЛМАТЫ, 15 желтоқсан – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алған қала тұрғындары арасында жүргізілген зерттеу нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жандарбек Бекшин қала тұрғындарын вакцина салдыруға шақырды, сонымен қатар вакцинаны толық алып, қайта ауырып қалғандар туралы ақпарат берді.

Қаланың бас санитар дәрігерінің мәліметінше, Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алғаннан кейін 3 239 адам COVID-19 жұқтырған. Ал вакцинаны толық салдырғандар саны 980 мың адамнан асады, демек вакцинадан кейін ауырғандар оның 0,33%-ін құрайды.

"Вакцинаның толық курсын алғаннан кейін Алматыда коронавирус инфекциясына қатысты сырқаттану бойынша жағдай мынадай: "Спутник V" - 0,37%, Hayat-Vax - 0,26%, "Синовак" - 0,19%, QazCovid-in (Qazvac) - 0,17%", - деді Бекшин.

Ол вакцинадан кейін ауырғандардың барлығы ауруды жеңіл өткізгенін айтты.

"Статистикаға сәйкес, QazCovid-in вакцинациясынан кейін ауырғандар аз тіркелді. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасындағы емдеу ісі мамандарының мәліметінше, отандық вакцинаны салдырғаннан кейін басқа вакциналармен салыстырғанда пациенттерде жанама әсер аз байқалады. Сондай-ақ жаппай вакциналауды және вакцинадан кейін ауруды жұқтырғандарың аз болуын ескерсек, неғұрлым көбірек әсер ететіні байқалады", - деп нақтылады Жандарбек Бекшин.

Оқи отырыңыз: Қанша қазақстандық ревакцинация жасатты 

Сонымен қатар ол QazCovid-in вакцинасын салдырған адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, салыстырмалы түрде көп жағдайда науқасты ауруханаға жатқызу қажет болмайтынын айтты.

Жандарбек Бекшин сөз соңында вакцинация коронавирус пандемиясымен күресте ең тиімді құрал деп атады.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (447)
Кілт сөздер:
Жандарбек Бекшин, вакцина, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып