https://sputnik.kz/20211215/Bekshin-koronavirus-vaktsina-18900488.html
Бекшин коронавирусқа қарсы едәуір тиімді вакцинаны атады
Бекшин коронавирусқа қарсы едәуір тиімді вакцинаны атады
Sputnik Қазақстан
Алматының бас санитар дәрігері қала тұрғындарын вакцина салдыруға шақырып, қай вакцина ең тиімді және ұзақ уақыт әсер ететінін айтты 15.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-15T09:51+0500
2021-12-15T09:51+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
жандарбек бекшин
вакцина
коронавирус
covid-ке қарсы вакцина
https://sputnik.kz/img/07e5/05/12/17086177_0:64:3073:1792_1920x0_80_0_0_4c084edd293d56c66c61bfc7fba34488.jpg
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алған қала тұрғындары арасында жүргізілген зерттеу нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жандарбек Бекшин қала тұрғындарын вакцина салдыруға шақырды, сонымен қатар вакцинаны толық алып, қайта ауырып қалғандар туралы ақпарат берді.Қаланың бас санитар дәрігерінің мәліметінше, Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алғаннан кейін 3 239 адам COVID-19 жұқтырған. Ал вакцинаны толық салдырғандар саны 980 мың адамнан асады, демек вакцинадан кейін ауырғандар оның 0,33%-ін құрайды.Ол вакцинадан кейін ауырғандардың барлығы ауруды жеңіл өткізгенін айтты."Статистикаға сәйкес, QazCovid-in вакцинациясынан кейін ауырғандар аз тіркелді. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасындағы емдеу ісі мамандарының мәліметінше, отандық вакцинаны салдырғаннан кейін басқа вакциналармен салыстырғанда пациенттерде жанама әсер аз байқалады. Сондай-ақ жаппай вакциналауды және вакцинадан кейін ауруды жұқтырғандарың аз болуын ескерсек, неғұрлым көбірек әсер ететіні байқалады", - деп нақтылады Жандарбек Бекшин.Оқи отырыңыз: Қанша қазақстандық ревакцинация жасатты Сонымен қатар ол QazCovid-in вакцинасын салдырған адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, салыстырмалы түрде көп жағдайда науқасты ауруханаға жатқызу қажет болмайтынын айтты.Жандарбек Бекшин сөз соңында вакцинация коронавирус пандемиясымен күресте ең тиімді құрал деп атады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/12/17086177_126:0:2857:2048_1920x0_80_0_0_1a61efea53184a90ddbdc99c26f5ad42.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жандарбек бекшин, вакцина, коронавирус, covid-ке қарсы вакцина
жандарбек бекшин, вакцина, коронавирус, covid-ке қарсы вакцина
Бекшин коронавирусқа қарсы едәуір тиімді вакцинаны атады
09:51 15.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Алматының бас санитар дәрігері қала тұрғындарын вакцина салдыруға шақырып, қай вакцина ең тиімді және ұзақ уақыт әсер ететінін айтты
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алған қала тұрғындары арасында жүргізілген зерттеу нәтижесін жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жандарбек Бекшин қала тұрғындарын вакцина салдыруға шақырды, сонымен қатар вакцинаны толық алып, қайта ауырып қалғандар туралы ақпарат берді.
Қаланың бас санитар дәрігерінің мәліметінше, Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алғаннан кейін 3 239 адам COVID-19 жұқтырған. Ал вакцинаны толық салдырғандар саны 980 мың адамнан асады, демек вакцинадан кейін ауырғандар оның 0,33%-ін құрайды.
"Вакцинаның толық курсын алғаннан кейін Алматыда коронавирус инфекциясына қатысты сырқаттану бойынша жағдай мынадай: "Спутник V" - 0,37%, Hayat-Vax - 0,26%, "Синовак" - 0,19%, QazCovid-in (Qazvac) - 0,17%", - деді Бекшин.
Ол вакцинадан кейін ауырғандардың барлығы ауруды жеңіл өткізгенін айтты.
"Статистикаға сәйкес, QazCovid-in вакцинациясынан кейін ауырғандар аз тіркелді. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасындағы емдеу ісі мамандарының мәліметінше, отандық вакцинаны салдырғаннан кейін басқа вакциналармен салыстырғанда пациенттерде жанама әсер аз байқалады. Сондай-ақ жаппай вакциналауды және вакцинадан кейін ауруды жұқтырғандарың аз болуын ескерсек, неғұрлым көбірек әсер ететіні байқалады", - деп нақтылады Жандарбек Бекшин.
Сонымен қатар ол QazCovid-in вакцинасын салдырған адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, салыстырмалы түрде көп жағдайда науқасты ауруханаға жатқызу қажет болмайтынын айтты.
Жандарбек Бекшин сөз соңында вакцинация коронавирус пандемиясымен күресте ең тиімді құрал деп атады.