12:45 29 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD433.83
  • EUR482.81
  • RUB5.57
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (447)
2222 0 0

8 желтоқсаннан бастап вакцинаның екі дозасын алған, сондай-ақ коронавируспен ауырып шыққан барлық адам 6 айдан кейінгі ревакцинациядан өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ревакцинация тактикасы өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, әлемде қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалды ескеріп, иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссия халықты ревакцинация тактикасын қайта қарастырған.

"Енді 8 желтоқсаннан бастап вакцинаның екі дозасын алған, сондай-ақ коронавируспен ауырып шыққан барлық адам 6 айдан кейінгі ревакцинациядан өтеді", - деді министр үкімет отырысында.

Айта кетері, бүгінгі күнге дейін 44 702 адам ревакцинация жасатып үлгерді.

Қанша қазақстандық вакцина салдырды

8,8 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін алды. Екінші доза 8,2 миллионнан астам адамға егілді.

Қазақстан халқының 47,2%-і бірінші компонентпен, 43,3%-і екінші компонентпен қамтылды.

Қазіргі таңда 128 174 жасөспірім, 31 747 жүкті және бала емізетін әйел Pfizer вакцинасының бірінші дозасын салдырды. Екінші дозаны 5 592 адам алды.

Вакцинация жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (447)
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып