06:07 28 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.38
  • EUR486.33
  • RUB5.52
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
280 0 0

Дәрігер дүкендегі кезектен мүмкіндігінше аулақ болып, көпшілік жерде медициналық бетперде туралы ұмытпауға кеңес берді

АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Маман жаңа жылдық дастарханға қандай өнімдерді мерекеден бір ай немесе екі апта бұрын сатып алуға болатынын айтты.

Жаңа жылға дейін әлі үш аптадай уақыт бар болғанына қарамастан, мерекелік дастарханды қазірден бастап жоспарлай берген дұрыс, дейді диетолог, нутригенетик Андрей Золотарев.

Оның пікірінше, бұл пандемия кезінде жаңа жыл қарсаңында дүкендерде кезектің көбеймеуіне және  қаражатты тиімді жұмсауға көмектеседі. Маман Sputnik радиосына берген сұхбатында алдын ала сатып алса да бұзылмайтын және денсаулыққа зиян келтірмейтін өнімдер бар екенін айтты.

"Қазірден бастап жаңа жылдық дастарханға не қою керектігін ойластыру өте маңызды. Біз соңына дейін күтіп, мерекеге 3-4 күн қалған кезде ұзынсонар кезекке тап боламыз, ол уақытта баға да шарықтап кетеді. Кей өнімді қазір, кей түрін екі апта қалғанда сатып алуға болады. Ал бірқатар өнімді жаңа жыл қарсаңында алған жөн", - деді Андрей Золотарев.

Диетолог желтоқсанның басында сатып алса да, жаңа жылдық мерекеге дейін еш бүлінбейтін өнімдерді атады.

"Уылдырыққа назар аударуды ұсынамын. Бұл жаңа жылдық дастарханның "сәні", егер оны қазір сатып алып қойсаңыз, мерекеге дейін бүлінбейді. Уылдырық пен зәйтүн мереке қарсаңында қымбаттайды. Бұршақ, жүгері, басқа да консервілер де мерекеге дейін бұзылмайды. Қандай да бір алкогольді ішімдіктерді сатып алсаңыз, мереке алдында ақша үнемдеуге болады. Тәттілер мен қатты ірімшікті де бүгіннен бастап сатып алуға болады", - деді Андрей Золотарев.

Алайда қызыл немесе аз тұздалған балықты мерекеден екі апта бұрын ғана сатып алған жөн.

"Өндірушілер көбіне балықты аздап тұздайды, сондықтан ол бір жағынан өте дәмді болады және құрамында тұз көп болмайды. Ал екінші жағынан ерте сатып алса, жаңа жылға дейін дәмі бұзылады. Сондықтан балық пен қақталған балықты мерекеге екі апта қалғанда сатып алуға болады", – деді маман.

Дәрігер дүкендегі кезектен мүмкіндігінше аулақ болып, көпшілік жерде медициналық бетперде туралы ұмытпауға кеңес берді.

Тақырып бойынша

Жаңа жылда ақша сыйлау қауіпті ме – дәрігерлер жауап берді
Диетолог тамақты тоя жей отырып арықтаудың әдісін айтты
Диетолог бас ауруынан құтылудың ең оңай жолын бөлісті
Азық-түлікке жұмсалатын қаражатты қалай үнемдеуге болады – диетолог кеңесі
Диетолог қандай тосап жеуге болмайтынын айтты
Кілт сөздер:
диетолог, жаңа жыл
Загрузка...

Басты тақырып