https://sputnik.kz/20211208/dietolog-jana-jyl-dastarkhan-18851749.html
Диетолог жаңа жыл дастарханына ертерек сатып алуға болатын өнімдерді атады
Диетолог жаңа жыл дастарханына ертерек сатып алуға болатын өнімдерді атады
Sputnik Қазақстан
Дәрігер дүкендегі кезектен мүмкіндігінше аулақ болып, көпшілік жерде медициналық бетперде туралы ұмытпауға кеңес берді 08.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-08T09:24+0500
2021-12-08T09:24+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
диетолог
жаңа жыл
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/16/15806358_0:292:2607:1758_1920x0_80_0_0_a077d4610f31d53ecc5167c1b87ecddc.jpg
АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Маман жаңа жылдық дастарханға қандай өнімдерді мерекеден бір ай немесе екі апта бұрын сатып алуға болатынын айтты.Жаңа жылға дейін әлі үш аптадай уақыт бар болғанына қарамастан, мерекелік дастарханды қазірден бастап жоспарлай берген дұрыс, дейді диетолог, нутригенетик Андрей Золотарев.Оның пікірінше, бұл пандемия кезінде жаңа жыл қарсаңында дүкендерде кезектің көбеймеуіне және қаражатты тиімді жұмсауға көмектеседі. Маман Sputnik радиосына берген сұхбатында алдын ала сатып алса да бұзылмайтын және денсаулыққа зиян келтірмейтін өнімдер бар екенін айтты.Диетолог желтоқсанның басында сатып алса да, жаңа жылдық мерекеге дейін еш бүлінбейтін өнімдерді атады."Уылдырыққа назар аударуды ұсынамын. Бұл жаңа жылдық дастарханның "сәні", егер оны қазір сатып алып қойсаңыз, мерекеге дейін бүлінбейді. Уылдырық пен зәйтүн мереке қарсаңында қымбаттайды. Бұршақ, жүгері, басқа да консервілер де мерекеге дейін бұзылмайды. Қандай да бір алкогольді ішімдіктерді сатып алсаңыз, мереке алдында ақша үнемдеуге болады. Тәттілер мен қатты ірімшікті де бүгіннен бастап сатып алуға болады", - деді Андрей Золотарев.Алайда қызыл немесе аз тұздалған балықты мерекеден екі апта бұрын ғана сатып алған жөн."Өндірушілер көбіне балықты аздап тұздайды, сондықтан ол бір жағынан өте дәмді болады және құрамында тұз көп болмайды. Ал екінші жағынан ерте сатып алса, жаңа жылға дейін дәмі бұзылады. Сондықтан балық пен қақталған балықты мерекеге екі апта қалғанда сатып алуға болады", – деді маман.Дәрігер дүкендегі кезектен мүмкіндігінше аулақ болып, көпшілік жерде медициналық бетперде туралы ұмытпауға кеңес берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/16/15806358_0:47:2607:2002_1920x0_80_0_0_4ec432f4fe3ac5508d0dbf64220c82bb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
диетолог, жаңа жыл
Диетолог жаңа жыл дастарханына ертерек сатып алуға болатын өнімдерді атады
09:24 08.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Дәрігер дүкендегі кезектен мүмкіндігінше аулақ болып, көпшілік жерде медициналық бетперде туралы ұмытпауға кеңес берді
АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Маман жаңа жылдық дастарханға қандай өнімдерді мерекеден бір ай немесе екі апта бұрын сатып алуға болатынын айтты.
Жаңа жылға дейін әлі үш аптадай уақыт бар болғанына қарамастан, мерекелік дастарханды қазірден бастап жоспарлай берген дұрыс, дейді диетолог, нутригенетик Андрей Золотарев.
Оның пікірінше, бұл пандемия кезінде жаңа жыл қарсаңында дүкендерде кезектің көбеймеуіне және қаражатты тиімді жұмсауға көмектеседі. Маман
Sputnik радиосына берген сұхбатында алдын ала сатып алса да бұзылмайтын және денсаулыққа зиян келтірмейтін өнімдер бар екенін айтты.
"Қазірден бастап жаңа жылдық дастарханға не қою керектігін ойластыру өте маңызды. Біз соңына дейін күтіп, мерекеге 3-4 күн қалған кезде ұзынсонар кезекке тап боламыз, ол уақытта баға да шарықтап кетеді. Кей өнімді қазір, кей түрін екі апта қалғанда сатып алуға болады. Ал бірқатар өнімді жаңа жыл қарсаңында алған жөн", - деді Андрей Золотарев.
Диетолог желтоқсанның басында сатып алса да, жаңа жылдық мерекеге дейін еш бүлінбейтін өнімдерді атады.
"Уылдырыққа назар аударуды ұсынамын. Бұл жаңа жылдық дастарханның "сәні", егер оны қазір сатып алып қойсаңыз, мерекеге дейін бүлінбейді. Уылдырық пен зәйтүн мереке қарсаңында қымбаттайды. Бұршақ, жүгері, басқа да консервілер де мерекеге дейін бұзылмайды. Қандай да бір алкогольді ішімдіктерді сатып алсаңыз, мереке алдында ақша үнемдеуге болады. Тәттілер мен қатты ірімшікті де бүгіннен бастап сатып алуға болады", - деді Андрей Золотарев.
Алайда қызыл немесе аз тұздалған балықты мерекеден екі апта бұрын ғана сатып алған жөн.
"Өндірушілер көбіне балықты аздап тұздайды, сондықтан ол бір жағынан өте дәмді болады және құрамында тұз көп болмайды. Ал екінші жағынан ерте сатып алса, жаңа жылға дейін дәмі бұзылады. Сондықтан балық пен қақталған балықты мерекеге екі апта қалғанда сатып алуға болады", – деді маман.
Дәрігер дүкендегі кезектен мүмкіндігінше аулақ болып, көпшілік жерде медициналық бетперде туралы ұмытпауға кеңес берді.