https://sputnik.kz/20211203/tort-tulik-mobildi-qosymsha-18813676.html
Төрт түлікті есепке алатын мобильді қосымша әзірленіп жатыр
Төрт түлікті есепке алатын мобильді қосымша әзірленіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Ауыл шаруашылығы саласын цифрландыруға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Қажетті қаражат бөлінген 03.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-03T10:28+0500
2021-12-03T10:28+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
https://sputnik.kz/img/1363/92/13639252_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_ce6103665d694a9db7d53826e09f76f8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринария саласын цифрландыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, ветеринария саласында кемшіліктер аз емес. Ауылдарда ветеринария қызметі тиісті деңгейде дамымай отыр.Осыған байланысты министр ветеринариялық қызметтер нарығын дамыту, мал дәрігерлерінің жалақысын көтеріп, орталық және жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратуды жоспарлап отыр.Оның айтуынша, әсіресе цифрландыруға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Қажетті қаражат бөлінген."Қазіргі уақытта мобильдік қосымшасы бар "Мал дерек" бағдарламалық өнімі әзірленуде. Ол ветеринариялық құжаттаманың негізгі бөлігін цифрлық форматқа ауыстырып, мамандарды қағазбастылықтан босатуға және жануарларды есепке алудың бүкіл процесін автоматтандыруға, эпизоотиялық ахуалды және мал өнімдерінің қауіпсіздігін қадағалауға мүмкіндік береді", - деді Қарашөкеев.Оқи отырыңыз: Қазақстанда қазанда ет бағасы шарықтадыОл бағдарламалық өнімнің бірінші нұсқасы осы жылдың соңына дейін әзірленетінін атап өтті. Ал келесі жылы пилоттық режимде бір ауданның базасында сынақтан өткізіледі. Содан кейін тағы пысықталып, бүкіл республика көлемінде қолданысқа енгізіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1363/92/13639252_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_8cdf13810c81bc8b72fa609cc5f6e703.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Төрт түлікті есепке алатын мобильді қосымша әзірленіп жатыр
10:28 03.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Ауыл шаруашылығы саласын цифрландыруға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Қажетті қаражат бөлінген
НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринария саласын цифрландыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, ветеринария саласында кемшіліктер аз емес. Ауылдарда ветеринария қызметі тиісті деңгейде дамымай отыр.
"Бұл салаға цифрландыру әлі де болса жетпеген, мамандар қағазбасты жұмыстан арылмаған. Сонымен қатар орталық және жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтері арасында өкілеттіктердің аражігін толық ажырату қажет. Мал дәрігерлерінің жалақысы өте төмен", - деді Қарашөкеев сенаттағы парламенттік тыңдауда.
Осыған байланысты министр ветеринариялық қызметтер нарығын дамыту, мал дәрігерлерінің жалақысын көтеріп, орталық және жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратуды жоспарлап отыр.
Оның айтуынша, әсіресе цифрландыруға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Қажетті қаражат бөлінген.
"Қазіргі уақытта мобильдік қосымшасы бар "Мал дерек" бағдарламалық өнімі әзірленуде. Ол ветеринариялық құжаттаманың негізгі бөлігін цифрлық форматқа ауыстырып, мамандарды қағазбастылықтан босатуға және жануарларды есепке алудың бүкіл процесін автоматтандыруға, эпизоотиялық ахуалды және мал өнімдерінің қауіпсіздігін қадағалауға мүмкіндік береді", - деді Қарашөкеев.
Ол бағдарламалық өнімнің бірінші нұсқасы осы жылдың соңына дейін әзірленетінін атап өтті. Ал келесі жылы пилоттық режимде бір ауданның базасында сынақтан өткізіледі. Содан кейін тағы пысықталып, бүкіл республика көлемінде қолданысқа енгізіледі.