Қоғам

Қорғаныс министрлігі Тұңғыш президент күні болған тосын оқиғаның себебін айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинТоржественное мероприятии в честь Дня защитника отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2021
Жазылу
Курсанттардың ата-аналарына болған жағдай туралы хабарланды. Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды
НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Құрлық әскерлері әскери институтының 210 курсанты оқуды тастап, институттан өз бетінше кетіп қалған. Қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 2021 жылдың 1 желтоқсанында Құрлық әскерлері әскери институтының төртінші курсында білім алып жүрген 210 курсант кешкі сағат 18.00-ден кейін оқу орнын өз бетінше тастап кеткен. Институт бастығы, генерал-майор Дулат Адырбековтың айтуынша, курсанттар кадрлық өзгеріспен келіспей, наразылық білдірген.
"Олар факультет (курс) бастығын ауыстыру шешімімен келіспеген және бұрынғы басшыны қайтаруды талап еткен. Бүгін сағат 09.00-де барлық курсант сабақта болды. Курсанттардың ата-аналарына болған жағдай туралы хабарланды", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Мамандар институтта болған жағдайды жан-жақты тергейді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0