https://sputnik.kz/20211202/qorganys-ministrligi-tosyn-oqiga-18803782.html
Қорғаныс министрлігі Тұңғыш президент күні болған тосын оқиғаның себебін айтты
Қорғаныс министрлігі Тұңғыш президент күні болған тосын оқиғаның себебін айтты
Sputnik Қазақстан
Курсанттардың ата-аналарына болған жағдай туралы хабарланды. Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды 02.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-02T12:09+0500
2021-12-02T12:09+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_5cd43247a8f2d7461b008a0df7eb73c7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Құрлық әскерлері әскери институтының 210 курсанты оқуды тастап, институттан өз бетінше кетіп қалған. Қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ресми мәліметке сәйкес, 2021 жылдың 1 желтоқсанында Құрлық әскерлері әскери институтының төртінші курсында білім алып жүрген 210 курсант кешкі сағат 18.00-ден кейін оқу орнын өз бетінше тастап кеткен. Институт бастығы, генерал-майор Дулат Адырбековтың айтуынша, курсанттар кадрлық өзгеріспен келіспей, наразылық білдірген."Олар факультет (курс) бастығын ауыстыру шешімімен келіспеген және бұрынғы басшыны қайтаруды талап еткен. Бүгін сағат 09.00-де барлық курсант сабақта болды. Курсанттардың ата-аналарына болған жағдай туралы хабарланды", - делінген ресми хабарламада.Қазіргі кезде қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Мамандар институтта болған жағдайды жан-жақты тергейді.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1440:1080_1920x0_80_0_0_49319bd903bcde33ba75b2d029dd9d34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Қорғаныс министрлігі Тұңғыш президент күні болған тосын оқиғаның себебін айтты
12:09 02.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Курсанттардың ата-аналарына болған жағдай туралы хабарланды. Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды
НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Құрлық әскерлері әскери институтының 210 курсанты оқуды тастап, институттан өз бетінше кетіп қалған. Қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, 2021 жылдың 1 желтоқсанында Құрлық әскерлері әскери институтының төртінші курсында білім алып жүрген 210 курсант кешкі сағат 18.00-ден кейін оқу орнын өз бетінше тастап кеткен. Институт бастығы, генерал-майор Дулат Адырбековтың айтуынша, курсанттар кадрлық өзгеріспен келіспей, наразылық білдірген.
"Олар факультет (курс) бастығын ауыстыру шешімімен келіспеген және бұрынғы басшыны қайтаруды талап еткен. Бүгін сағат 09.00-де барлық курсант сабақта болды. Курсанттардың ата-аналарына болған жағдай туралы хабарланды", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Мамандар институтта болған жағдайды жан-жақты тергейді.