19:04 30 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD433.74
  • EUR489.52
  • RUB5.78
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
7474 0 0

Жанар Қыдырбаеваның айтуынша, сіңлісінің өлімінен кейін оның күйеуі қоңырау шалып, полицияға ештеңе айтпауды өтінген

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Алматыда тоғызыншы қабаттан үш баласымен секірген әйелдің әпкесі марқұмның көз жұмар алдында жазған хатының екінші бөлігі туралы айтып берді, деп хабарлады "Экспресс К".

"Бұл өмірдің мәні жоқ. Өмір сүргім келмейді. Мені кешіріңдер. Кінәлілер өзі біледі" деп жазды ол. Менің ойымша мұндағы кінәлілер күйеуі мен оның туыстары. Өйткені Бақытгүл тағы бір әйелдің бары туралы білді. Хаттың екінші бетіне ол үлкен кемпірқосақтың суретін салып, менің телефон нөмірімді үш рет жазған. "Бұл жағдай туралы әпкеме айтыңыздар. Мен оны жақсы көремін. Тек әпкем ғана маған мейірімді" деп жазып кетіпті ол", - дейді Бақытгүлдің әпкесі.

Жанар Қыдырбаеваның айтуынша, сіңлісінің өлімінен кейін оның күйеуі қоңырау шалып, полицияға ештеңе айтпауды өтінген.

"Шын мәнінде Бақытгүл отбасылық проблемалары туралы ешкімге тіс жарған емес. Ол күйеуіне жала да жақпады. Тамыз айында маған қоңырау шалып, күйеуі көзіне шөп салып жүргенін айтты. Ол әйелдің есімі  - Эльвира. Араларында жанжал шыққан. Күйеуі оған сол әйелден тек ақша керектігін, отбасы мен балалары бәрінен қымбат екенін айтқан. Барлығы жақсы болатынына уәде берген. Бақытгүлдің өзін және балаларын өлтіру туралы ойы болмаған. Біздің ойымызша оған күйеуі себепкер болды. Ол қызғаныш пен өкпеден өзіне қол салды", - дейді Жанар.

Оның айтуынша, қазір хат полицияның қолында.

Жанар Қыдырбаева сіңлісінің күйеуі құмар ойынға да әуес болуы мүмкін екенін айтты.

"Үйлерінен фишкалар мен карталарды жиі көретінмін. Оның бума-бума ақша ұстап жүргеніне де куә болғанмын. Алайда Бақытгүл оның қайда жұмыс істейтіні туралы ешқашан айтпаған", - дейді ол.

Бұған дейін марқұмның төленбеген үш кредиті бары туралы айтылған. Соңғы рет әйел қазанда 15 мың теңге онлайн кредит алған. Алайда оны қайтара алмаған. Тағы екі кредит те төленбей жатқан.

Күйеуі Нұрсұлтан Оразов жұмыссыз қалғандықтан оны төлей алмағанын айтқан болатын. Ол базарда, құрылыста түрлі жұмыстар атқарған, тұрақты жұмысы болмаған.

Әйел үш баласымен терезеден секіріп кетті

Алматыда 22 қараша Жетісу-1 шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде 28 жастағы әйел үш баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кетті. Төртеуі де көз жұмды.

Алматылық келіншек өлер алдында хат қалдырған. Ол сынаққа шыдай алмағанын, кінәлілердің өзі білетінін айтқан.

Алматы қаласының полиция департаменті қайғылы жағдайдың алдын ала себебін хабарлады.

"Бұл әрекетке отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас кезінде күйеуі екеуінің арасындағы жанжал себеп болған", - делінген полиция хабарламасында.

Жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің ("Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу") бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

 

Кілт сөздер:
Алматы, әйел, бала, хат
Загрузка...

Басты тақырып