НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Мысырлық блогер Ахмед Магди Нұр-Сұлтандағы Абу-Даби Плазаның төбесіне шығып, елорданың панорамасын түсірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Блогер Нұр-Сұлтанның видеосын The New York әнімен берді. Дегенмен, Instagram желісінің қолданушылары Қазақстанның астанасын бірден таныды.
Барлығы қыстың әдемі көрінісіне таңданып жатыр.
"Бұл жақта қыс", - деп жазды видео авторы.
Блогер Хан-Шатыр мен Байтерек жақты көрсетті. Абу-Даби Плазаның төбесінен 98 метрлік монументтің өзі кіп-кішкентай болып көрінеді. Одан кейінгі кадр ақшаңқай бұлттардың үстінен түсірілген.
Осы видеоны National Geographic Kazakhstan аккаунты да жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетері, мысырлық блогер Ахмед Магди үнемі Қазақстанның сан алуан жерлерінде түсірілген видео мен фотоларды жариялап отырады. Оның аккаунтында тұрғылықты жері ретінде екі қала көрсетілген. Олар – Каир мен Нұр-Сұлтан. Ахмед 2015 жылдан бері астанада жұмыс істейді.
Бүгінде Абу-Даби Плазаның ең биік ғимараты "Qazaqstan" мұнарасы деп аталады.