Қоғам

Блогер Абу-Даби Плазаның төбесінен түсірілген таңғажайып видеоны жариялады

© Sputnik / Владислав ВодневБашня "Казахстан" комплекса Абу-Даби Плаза
Башня Казахстан комплекса Абу-Даби Плаза - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2021
Жазылу
Осы видеоны National Geographic Kazakhstan аккаунты да жариялады. Барлығы қыстың әдемі көрінісіне таңданып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Мысырлық блогер Ахмед Магди Нұр-Сұлтандағы Абу-Даби Плазаның төбесіне шығып, елорданың панорамасын түсірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ahmed Magdi (@ahmedmmagdy)

Блогер Нұр-Сұлтанның видеосын The New York әнімен берді. Дегенмен, Instagram желісінің қолданушылары Қазақстанның астанасын бірден таныды.

Барлығы қыстың әдемі көрінісіне таңданып жатыр.

"Бұл жақта қыс", - деп жазды видео авторы.

Блогер Хан-Шатыр мен Байтерек жақты көрсетті. Абу-Даби Плазаның төбесінен 98 метрлік монументтің өзі кіп-кішкентай болып көрінеді. Одан кейінгі кадр ақшаңқай бұлттардың үстінен түсірілген.

Осы видеоны National Geographic Kazakhstan аккаунты да жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ahmed Magdi (@ahmedmmagdy)

Айта кетері, мысырлық блогер Ахмед Магди үнемі Қазақстанның сан алуан жерлерінде түсірілген видео мен фотоларды жариялап отырады. Оның аккаунтында тұрғылықты жері ретінде екі қала көрсетілген. Олар – Каир мен Нұр-Сұлтан. Ахмед 2015 жылдан бері астанада жұмыс істейді.

Бүгінде Абу-Даби Плазаның ең биік ғимараты "Qazaqstan" мұнарасы деп аталады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0