Қоғам

Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізеді

© Photo : Aidos Ukibay/twitterПредседатель партии Nur Otan Нурсултан Назарбаев принял участие в онлайн-голосовании в праймериз
Председатель партии Nur Otan Нурсултан Назарбаев принял участие в онлайн-голосовании в праймериз - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Елбасы отырыста парламент мәжілісі сайлауы мен ауыл әкімдерінің сайлауында көзге түскен партия белсенділерінің еңбегі аталып өтетінін мәлімдеген болатын

АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев саяси кеңестің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-де жазды. Оның хабарлауынша, саяси кеңестің кеңейтілген отырысы 23 қарашада өтеді.

Бұған дейін партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы қарашада өтетіні хабарланды. Елбасы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдаған кезде отырыста парламент мәжілісі сайлауы мен ауыл әкімдерінің сайлауында көзге түскен партия белсенділерінің еңбегі аталып өтетінін жеткізді.

Айта кетері, саяси кеңес партия қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды, партия съездерін шақырады және басқа да мәселелерді шешеді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0