Қоғам

Байбек аз қамтылған отбасыларға қандай көмек көрсетілетінін айтты

© Sputnik / Владислав Водневбалалар
балалар - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2021
Жазылу
Оның сөзінше ауылда кәсіпкерлердің есебінен жалдамалы тұрғын үйлер салынады. Ал мемлекет шығындардың бір бөлігін өтейді

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек Алматы облысына барып, сайлауалды бағдарламаны орындау барысымен танысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен 2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір! " сайлауалды бағдарламасы Алматы облысында 27 процентке орындалды. 757 мың шаршы метр тұрғын үй, 12 мектеп пайдалануға берілді, 538 км жол салынып, жөндеуден өтті, 27 мың тұрақты жұмыс орны ашылды", - деп жазды Байбек әлеуметтік желідегі парақшасында.

Облыс әкімі Амандық Баталов екеуі Қарасай ауданы Әйтей ауылындағы "Өмірұзақ" тұрғын үй кешеніне барды. Ол жерде биыл 200 пәтерлік 50 үй салынды. Жақын арада осы баспананың бір бөлігі ауданда кезекте тұрған азаматтарға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға беріледі.

"Жалпы, 5 жылда еліміз бойынша 1 миллиондай қазақстандыққа, оның ішінде 284 мың аз қамтылған отбасыға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жетім балаларға арнап 103 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі", - деп атап өтті Байбек.

Оқи отырыңыз: "Барлық анаға жәрдемақы төлеу керек": министр бастамаға қатысты жауап берді

Оның сөзіне қарағанда, осы мақсатты орындау үшін ауылда кәсіпкерлердің есебінен жалдамалы тұрғын үйлер салынады. Ал мемлекет шығындардың бір бөлігін өтейді. Сондай-ақ "Дипломмен ауылға" бағдарламасының қатысушыларына жеңілдетілген несие беріледі. Жыл соңына дейін 4,5 мың жас маман осы шарамен қамтылады.

Партия төрағасының орынбасары Жамбыл ауданының Сарыбай би ауылында салынған жаңа дәрігерлік амбулаторияға да барды. Оның айтуынша, партия барлық тірек ауылдарда дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттерді ашуға ықпал ететін болады. Ал аудандық ауруханалар заманауи компьютерлік томографтармен және рентген-аппараттарымен жабдықталады.

Жаңалықтар
0