Қоғам

"Орныма отыршы, ал": әкімдікке барған азамат пен шенеунік жаға жыртысты - видео

© Sputnik / Абзал Калиевшенеунік
шенеунік - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2021
Жазылу
Видеода әйел адамның көмек сұрап жатқаны анық естіледі. Ал оны ұялы телефонға түсіріп жатқан ер адам қолдай бастағанда шенеунік орнынан тұрып, өз креслосын ұсынады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматы облысының Кербұлақ аудандық әкімдігінде болған оқиғаның видеосы тарап кетті. Жанжалдың арты төбелеске ұласып кете жаздаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Видеода әйел адамның көмек сұрап жатқаны анық естіледі. Ал оны ұялы телефонға түсіріп жатқан ер адам қолдай бастағанда шенеунік орнынан тұрып, өз креслосын ұсынады.

"Келші, отыршы мына жерге, менің орныма мәселені қалай шешетініңді көрейін", - дейді ол.

Видеоға түсіріп тұрған адам бас тартты. Ал екіншісі келіседі. Шенеунік оны тартып тұрып, креслоға отырғызуға тырысады. Оған ер адам ашуланып, оны итеріп жібереді.

"Мені неге жұлқылайсың", - деп қолымен бір нұқып қояды.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 25 қазанда болған. Бір күн бұрын Қаспан ауылдық округінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмірді тегін жеткізу басталды. Ертесінде ауыл тұрғыны Жанатаева аудандық әкімдікке барып, әкім орынбасары Нұрлан Әденовтан көмірді жеткізіп беруді талап етті. Қызметкерлер тегін отынның тізім бойынша жеткізілетінін түсіндіріп көрген.

Оқи отырыңыз: "Бесит уже, на...": оралдық шенеунік жиналыста неге ашуланды

"Бірақ Жанатаева ол жауапқа қанағанттанбады. Көмірді тегін жеткізіп беруді талап етті. Одан кейін әкімдік ғимаратына Кербұлақ ауданының қоғам белсенділері Е.Сансызбаев пен Б.Бейісбеков келді. Карантиндік шектеу шараларына байланысты ғимаратқа көп адамға кіруге болмайды. Ал қабылдауға алдын ала жазылу қажет. Сосын Ashyq бағдарламасынан өту керек. Қоғам белсенділері болса, күзетке қарамай, ішке кіріп кетті. Кездесу кезінде Е.Сансызбаев пен аудан әкімінің орынбасары Н.Әденовтың арасында жанжал туындады", - дейді әкімдік қызметкерлері.

25 қазанда кешкі сағат 17:00-де Жанатаеваға көмір жеткізілді. Қазіргі кезде Кербұлақ ауданы бойынша этика жөніндегі уәкіл қызметтік тексерісті бастады.

Жаңалықтар
0