Өңірлер

"Бесит уже, на...": оралдық шенеунік жиналыста неге ашуланды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуАрхивное фото госслужащих с портфелями
Архивное фото госслужащих с портфелями - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2021
Жазылу
Облыстық мәслихатта әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті. Оған бейнеконференциялардың бірінде тікелей эфирде болған оқиға себеп болды

АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Орал қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бисенғали Хайруллинге онлайн жиналыстардың бірінде "Бесит уже, на..." дегені үшін қатаң сөгіс жарияланды.

Жұмада облыстық мәслихатта әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті. Оған бейнеконференциялардың бірінде тікелей эфирде болған оқиға себеп болды.

16 тамызда Бисенғали Хайруллин онлайн жиналыс кезінде "бесит уже, на" деген. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары, мемлекеттік басқарма басшылары, сондай-ақ жеке ұйымдардың өкілдері қатысқан.

Шенеунік мұндай сөзді айтқанын мойындады, бірақ ол сөзін жиналысқа қатысушылардың ешқайсына қарата айтпағанын жеткізді. Оның сөзінше, ол жарты жыл бойы үш адамның жұмысын істеген. Себебі бөлім басшысы жұмыстан кетті, ал екінші орынбасар жүрегіне операция жасатып, демалыс алған.

"(...) Сол жиналыста дыбыс шықпай тұрды, осылай 15 минут жоғалттық. Басқа кабинетке ауысу керек болды, мен өз қызметкерлеріме ашуланып, осылай дедім", - деп жазды Хайруллиннің сөзін "Мой город" басылымы.

Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғалым Тұрсынбаев бұл сөздер төрт рет айтылғанын атап өтті. Сонымен қатар Хайруллинге облыс әкімі орынбасарының өзі ескерту жасады.

"Бұл сөздер байланыс нашарлаған кезде емес, сөйлеп болғаннан кейін айтылды. Біз оның кімге қаратыла айтылғанын білмейміз. Сіз "Бесит уже, на" дедіңіз, соңына дейін айтпағаныңыз дұрыс болды. Қарым-қатынас кезінде қажет жалпы қабылданған нормаларды ұстаныңыз. 60 жастасыз, сізге тәрбие беретін адам мен емес", - деп ашуланды Тұрсынбаев.

Ол мемлекеттік қызметкерлер әр сөзін қатаң қадағалап, қалғанына үлгі болу қажет екенін айтты.

"Иә, мүмкін сіз үш адамның орнына жұмыс істеп жатырқан шығарсыз. Бірақ бұл сізге осылай әрекет етуге құқық бермейді", - деп есептейді Тұрсынбаев.

Отырыс қорытындысы бойынша Бисенғали Хайруллин "қатаң сөгіс" түріндегі жаза алды, ал бұл жағдай қайталанса, шенеунік қызметінен айырылуы мүмкін.

Айта кетері, 2019 жылы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қазіргі басшысы Серік Жұманғарин ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарып жатқан кезде белгіленген тақырыптан басқа сауал қойған журналистерге "ашуыма тимеңдер" деген. Содан кейін шу шықты. Шенеунік қарым-қатынаста өзінің дұрыс сөйлемегенін мойындады. Сол шудан кейін жұмыстан кетуге арыз жазды.

Жаңалықтар
0