03:46 30 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD433.74
  • EUR489.52
  • RUB5.78
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1415710

Фильм Елбасымен эксклюзивті сұхбатқа негізделген. Алғашқы бөлім 1 желтоқсанда жарық көрді. Бүгінге дейін фильмнің төрт бөлімі шықты

АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. "Хабар" телеарнасында Елбасы туралы деректі фильмнің жалғасы көрсетіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Штрихи к портрету" фильмінің бесінші бөлімі 21 қазанда сағат 21:30-да эфирге шығады.

"Мен қазір бұрын соңды ешқашан айтпаған дүниені бөлісемін. Бұл сен үшін сенсация болады. Мені кешірсін... Мен қиналып жүрмін. Қорықпайтын адам жоқ", - дейді фильм үзіндісінде Елбасы.

​"Штрихи к портрету" – Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған көп сериялы деректі фильм. Фильм Елбасымен эксклюзивті сұхбатқа негізделген. Алғашқы бөлім 1 желтоқсанда, Қазақстанның тұңғыш президенті күні жарық көрді. Бүгінге дейін фильмнің төрт бөлімі шықты.

Бірінші фильмде Елбасы қашқын банкир Мұхтар Әблязовтің ұрлығы және сатқындығы жайлы, отставкаға дейін Қасым-Жомарт Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтты.

Екінші бөлімінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы қалай құрылғанын айтып берді.

Фильмінің үшінші бөлімінде қандай кітаптар оқығанын, қазір қай жанрдағы шығармаларға басымдық беріп жүргенін сөз етті.

Ал фильмнің бесінші бөлімінде Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен таныстығы туралы айтты.

Тақырып бойынша

"Бір топ адам әкімдікті басып алмақ болды": Назарбаевтың сұқбатынан үзінді жарияланды
"Мен Назарбаевтың адамымын!": желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
"Әбден жыладым": Назарбаевтың досының әпкесі Елбасының адамгершілігі туралы айтты
Назарбаевтың кенже қызы алғашқы кітабында не туралы жазғанын айтты
Желіде Назарбаевтың гольф ойнап жүрген сәті жарияланды
Кілт сөздер:
Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып