Қоғам

Баспана жалдау құны арзандай ма – мамандар не дейді

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуЖенщина открывает дверь
Женщина открывает дверь - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2021
Жазылу
Ермек Мүсірепов бір және екі бөлмелі пәтерлерді жалдау 30 процентке қымбаттағанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Баспана жалдау құны биыл арзандамайды. Бұл туралы Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов мәлімдеді, деп хабарлады Хабар 24.

LS агенттігіне берген сұхбатында ол бір және екі бөлмелі пәтерлерді жалдау 30%-ке қымбаттағанын айтты. Ал тамызда баға тіпті шарықтап кеткен.

"Бұның бірден бір себебі үй иелері соңғы бір жарым жылда жоғалған пайданың орнын толтырғысы келді", - деді Мүсірепов.

Айтуынша, қазір Алматыда 2000 жылға дейін салынған үйде бір бөлмелі пәтер 180 мың теңге тұрады. Нұр-Сұлтандағы жаңа кешендерде шамамен 150 мың теңге. Бірақ бұл өсімнен кейін жақын арада жалдамалы үйлердің бағасы айтарлықтай өзгермейді деді сала маманы.

Дегенмен бұған дейін Қазақстан риэлторлары қауымдастығының вице-президенті Елена Грива пәтер жалдау ақысы арзандайды деген болатын. Себебі баға жыл сайын құбылып тұрады.

"Бұның бәрі жыл сайын болатын нәрсе ғой. Жаңа оқу жылының алдында студенттер көп келеді. Жатақханада орын аз. Сосын жатақханада тұрғысы келмейтін жастар болады. Олардың барлығы жалдамалы пәтер іздейді. Ал сұраныс көбейген жерде баға көтеріледі. Біршама уақыттан кейін баға төмендейді. Бір қызығы, жалға беру құны 20 процентке өссе, артынан 10 процентке ғана түседі. Сонда бәрібір баға бұрынғыдай болмайды. Келесі жылы тағы солай, сөйтіп, 10 процентке көтеріліп келеді", - дейді Грива.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0