Қоғам

Коронавирус пен пневмониядан тағы 59 қазақстандық қайтыс болды

© AP Photo / Kyle GreenАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2021
Жазылу
Қазір республикада 67 мыңнан астам адам індеттен емделіп жатыр, соның ішінде 248 науқастың жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустан 50 адам, ковидтік пневмониядан 9 адам көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ, 22 қыркүйектегі мәлімет бойынша 67 404 адам коронавирус инфекциясынан (–58 738 + және 8 666 КВИ-) емделіп жатыр. Соның ішінде 12 105 пациент стационарда, 55 299 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында:

  • 1000 адамның жағдайы ауыр,
  • 248 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 143 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Бұдан бөлек, соңғы мәлімет бойынша республикада 7 372 086  адам вакцинаның  I компонентін, 6 247 031 адам II компонентін салдырды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0