07:28 18 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.78
  • EUR494.08
  • RUB5.98
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (2654)
10604 0 0

Нигериялық штамм республиканың төрт өңірінде тараған, симптомдары "британдық" және "оңтүстікафрикалық" штаммдарға ұқсас

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан аумағынан нигериялық "Eta" штамы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі шілде-тамыз айларында COVID-19 жұқтырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирустық инфекцияға генетикалық зерттеу жүргізген.

"Секвенирлеу қорытындысы бойынша Қазақстанда 96 үлгіде штаммдар айналымы анықталды. Delta "үнді штамы" - 57 (59,4%), Alpha "британдық" - 24 (25%), "Ухань" коронавирусы - 10 (10,4%) және eta "Нигерия" - 5 (5,2%). Eta "Нигерия" штамы 4 өңірде табылды. Олар Қарағанды - 1, Маңғыстау - 2, Павлодар - 1, Нұр-Сұлтан – 1", - деп жазды Цой Facebook-те.

"Eta" штамы туралы былтыр желтоқсанда белгілі болды, вирус жұқтырған науқастар алғаш Нигерия мен Ұлыбританияда тіркелді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 15 қыркүйектегі деректері бойынша "Eta" штамы әлемнің 77 елінде табылған. ДДҰ санаты бойынша "бақылауды" талап ететін штаммдардың қатарына жатады.

Клиникалық белгілері Alpha (Британдық) және Beta (Оңтүстік Африка) штаммдары (дене қызуы, жөтел, иіс пен дәм жоғалту, аурудың ауыр өтуі және т.б.) сияқты.

"Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз денсаулығына, жақындары мен туыстарының денсаулығына қамқорлықпен қарауға шақырады. Инфекциядан қорғанудың және ауруханаға жатпаудың жалғыз тиімді әдісі – COVID-19-ға қарсы вакцинация", - деді министр.

Сондай-ақ, Цой қазақстандықтарды бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету және тағы басқа шараларды сақтауға шақырды.

Оқи отырыңыз: 

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2654)
Кілт сөздер:
коронавирус, Денсаулық сақтау министрлігі, үндеу, вакцина
Загрузка...

Басты тақырып