09:28 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (371)
58 0 0

10 тамызда Қытайдан коронавирусқа қарсы Vero cell вакцинасының бірінші партиясы Алматыға жеткізілген болатын

АЛМАТЫ, 9 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанға Sinopharm компаниясы өндірген Vero cell вакцинасының 3 миллион дозасы жеткізілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.

10 тамызда Қытайдан коронавирусқа қарсы Vero cell вакцинасының бірінші партиясы Алматыға жеткізілген болатын.

Қытай вакцинасының бірінші партиясы 1 миллион дозадан тұрды.

Vero cell вакцинасы туралы не белгілі

Вакцинаны өндіруші – Бейжің биологиялық өнімдер институты (Beijing Institute of Biological Products Co., Ltd), Sinopharm компаниясы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Vero Cell вакцинасын биыл 7 мамырда төтенше жағдайда қолдануға арналған дәрілер тізіліміне енгізді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Vero Cell вакцинасын 18 жасқа толған адамдарға салуды ұсынды.

Vero Cell вакцинасының бір дозасы – 0,5 миллилитр. Вакцинаның екі дозасын салдыру ұсынылады. Екеуінің арасы 3-4 апта немесе 21-28 күн болуы қажет.

Егер екінші бөлігін бірінші компонентін салдырғаннан 3 апта өтпей салдырар болса, оны қайта салдырудың қажеті жоқ. Ал егер екінші дозаны алу 4 аптадан созылып кетсе, мүмкіндік туа сала салдырған жөн. Мұндай жағдайда дәрігермен кеңескен дұрыс.

Vero cell вакцинасы туралы толығырақ мына жерден оқуға болады.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (371)
Загрузка...

Басты тақырып