Қоғам

Желіде балаларға вакцина жасырын салынатыны туралы ақпарат тарады

© REUTERS / MARCO BELLOбалалар әлеуметтік арақашықтық сақтауда
балалар әлеуметтік арақашықтық сақтауда - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2021
Жазылу
Ата-аналар балаға вакцина салынғанын білмеу үшін препарат мұрынға арналған спрей түрінде болады, дейді ақпарат таратушылар

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Желіде Қазақстанда мектеп оқушыларына ата-аналардың келісімінсіз Pfizer/BioNTech өндірген вакцина салынатыны туралы ақпарат таратуда. Ата-аналар балаға вакцина салынғанын білмеу үшін препарат мұрынға арналған спрей түрінде болады.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазды stopfake.kz

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Біріншіден, Pfizer/BioNTech өндірген вакцинаны Қазақстанға 2021 жылдың төртінші тоқсанында жеткізу жоспарланған. Екіншіден, ол тек иненің көмегімен бұлшықетке егіледі. Бұл препарат 12 жастан асқан жасөспірімдерге арналған. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда балаларды вакцинациялау тек ата-аналардың немесе ресми өкілдердің (қамқоршылардың) ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі", – деп хабарлады ведомство.

Жалған ақпарат таратушы вакцинаны алғаннан кейін балалар жаппай өледі дегенді де атап өткен.

"Pfizer/BioNTech өндірген COVID-19 алдын алуға арналған препарат барлық қажетті клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтардан өтті, оның қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген. Вакцина АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасымен мақұлданған және АҚШ, Канада, Австралия, Бельгия, Франция, Исландия және 98 елде қолданылуда. Оны қолдану нәтижесінде болған жаппай өлім тіркелген жоқ", -делінген министрлік хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Теміртауда ковидтен қайтыс болған ер адам вакцинаның екінші дозасын өлген соң "алған".

Жаңалықтар
0