Қоғам

Бір тәулікте алты мыңға жуық адам COVID-19 жұқтырып, 157 науқас қайтыс болды

© AP Photo / Maya AlleruzzoАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2021
Жазылу
Республика бойынша 25 мыңнан астам пациент стационарда емделіп жатыр, 1 796 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 5 993 қазақстандықтың ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 157 адам көз жұмды.

Індетке шалдыққандардың дені Алматы қаласы мен Қарағанды облысында, сондай-ақ елордада тіркелді.

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 590,
  • Алматы қаласында – 1491,
  • Шымкент қаласында – 217,
  • Ақмола облысында – 260,
  • Ақтөбе облысында - 320,
  • Алматы облысында - 412,
  • Атырау облысында - 401,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 175,
  • Жамбыл облысында - 129,
  • Батыс Қазақстан облысында - 136,
  • Қарағанды облысында - 750,
  • Қостанай облысында - 271,
  • Қызылорда облысында - 130,
  • Маңғыстау облысында - 223,
  • Павлодар облысында - 326,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 88,
  • Түркістан облысында - 74.

Жалпы пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын 779 927 адам жұқтырған.

Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирустан 135 науқас, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 22 пациент қайтыс болды.

Тағы оқыңыз: Теміртауда ковидтен қайтыс болған ер адам вакцинаның екінші дозасын өлген соң "алған"

29 тамыздағы мәлімет бойынша, 115 489 адам коронавирус инфекциясынан (–108 651+ және 6 838 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 25 753 пациент стационарда, 89 736 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 1 796 адамның жағдайы ауыр, 493 пациент хәл үстінде жатыр, 237 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0