Қоғам

Мамин жағымды жаңалықты бөлісті 

© Sputnik / Серикжан КовланбаевЖенщины с колясками на улице в Алматы, архивное фото
Женщины с колясками на улице в Алматы, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2021
Жазылу
Үкімет басшысы ведомствоаралық комиссияға эпидемиологиялық жағдай тұрақталып жатқан өңірлерде  демалыс күнгі шектеулерді жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал жақсарып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді, ауру деңгейі төмендей бастады. Өткен аптада вирустың репродуктивтілік индексі 1-ден төмен, қазір 0,93 деңгейінде", -деді Мамин үкімет отырысында.  

Айтуынша, ауруханаларда төсек-орындардың 49%-і, ал жансақтау бөлімдері 46%-ке толған.

Бұл ретте премьер вакцина салдыру науқанын одан әрі күшейту қажет екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжамды жариялады 

Бұдан бөлек, Мамин ведомствоаралық комиссияға эпидемиологиялық жағдай тұрақталып жатқан өңірлерде Ashyq жүйесіне қосылған бизнес субъектілері үшін демалыс күнгі шектеулерді жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырды.

Жаңалықтар
0