Қоғам

Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжамды жариялады

© Photo : Служба центральных коммуникаций при президенте КазахстанаМинистр здравоохранения Алексей Цой
Министр здравоохранения Алексей Цой - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2021
Жазылу
Министр соңғы екі аптада коронавируспен ауыру көрсеткіші 10%-ке төмендегенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясы бойынша қараша айына дейін жаңарған эпидемиологиялық болжамды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқи отырыңыз: Індетті жұқтырғандардың саны біршама азайды

Министрдің айтуынша, пессимистік сценарий кезінде қыркүйекте коронавирус жұқтырғандардың орташа саны тәулігіне 6300 адамға, қазан айында 2 400 адамға дейін жетеді.  

"Реалистік сценарий кезінде қыркүйекте 5300 адамға дейін, қазан айында 1800 адамға дейін тіркеледі. Ал оптимистік сценарий орындалса, қыркүйекте аурушаңдық тәулігіне 4200 жағдайға дейін, ал қазанда 1300-ге дейін азаяды", - деді Цой үкімет отырысында.

Министр соңғы екі аптада коронавируспен ауыру көрсеткіші 10%-ке төмендегенін атап өтті.

Айтуынша, індетке шалдыққандардың дені – вакцина алмағандар. Науқастардың арасында екпе алғандар саны небәрі 2%-ті құрап отыр.

Жаңалықтар
0