Қоғам

2022 жылы демалыс күндері ауысады

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2021
Жазылу
Демалыс күндері ауысқаннан кейін, қазақстандықтар 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 30 тамыз – Конституция күні қатарынан үш күн демалады

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы үкімет қаулысының жобасын әзірледі.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында үкімет келесі жылы демалыс күндерін ауыстыруды жоспарлап отыр.

Демалыс күндері:

  • 2022 жылғы 5 наурыз сенбіден 2022 жылғы 7 наурыз дүйсенбіге;
  • 2022 жылғы 27 тамыз сенбіден 2022 жылғы 29 тамыз дүйсенбіге ауыстырылсын, делінген қаулыда.

Айта кетері, 2022 жылы 8 наурыз мейрамы сейсенбіге түсіп тұр. Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн – 6, 7 және 8 наурыз демалады. 30 тамыз – Конституция күні де сейсенбі күні аталып өтеді. Сол себепті бұл мейрамда да адамдар қатарынан үш күн – 28, 29 және 30 тамыз демалмақ.

"Демалыс күндерін алдын ала ауыстыру демалуды, мәдени-бұқаралық және корпоративтік іс-шараларды, сондай-ақ олармен байланысты шығыстарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді", - делінген түсіндірме жазбада.

Қаулы жобасын қоғамдық талқылау мерзімі 7 қыркүйекке дейін созылады.

Жаңалықтар
0