Қоғам

Қарашөкеев Тоқаев қызметінен босатқан министрді неліктен қызметке алғанын түсіндірді  

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр сельского хозяйства Омаров Сапархан Кесикбаевич
Министр сельского хозяйства Омаров Сапархан Кесикбаевич - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2021
Жазылу
Ербол Қарашөкеев мемлекет басшысының сынынан кейін қызметінен босатылған Сапархан Омаровтың жаңа қызметке тағайындалу себебін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев бұрынғы министр Сапархан Омаровтың "Азық-түлік келісім шарт корпорациясының" басқарма төрағасы болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді.

Осы жылдың шілдесінде мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысын сынға алып, министр Омаровты отставкаға жіберді.

Біраз уақыттан кейін бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясына басшылыққа келді.

Оқи отырыңыз: Экс-министр Сапархан Омаров жаңа қызметке кірісті 

Бұл шешім қазақстандықтар арасында көптеген сұрақ туғызды. Неліктен өз міндетін атқара алмаған шенеунік жоғары лауазымды қызметке тағайындалады?

"Сапархан Кесікбайұлы Омаров менің бұйрығыммен "Азық-түлік келісім шарт корпорациясының" басқарма төрағасы болып тағайындалды. Оның бай тәжірибесі бар, екі жыл министр, аграрлық комитеттің төрағасы болды, оған дейін депутат, ауыл шаруашылығы вице-министрі болып жұмыс істеді. Сондықтан осы қиын кезеңде оның жинақтаған тәжірибесі қажет және біз оны қазіргі қызметінде пайдаға жаратамыз деп ойлаймын", - деп жауап берді Қарашөкеев.

Оның айтуынша, Сапархан Омаров президенттің сынын ескерген, сондықтан әрі қарай тиімді әрі жақсырақ жұмыс істейді.  

Жаңалықтар
0