Қоғам

Экс-министр Сапархан Омаров жаңа қызметке кірісті

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр сельского хозяйства Омаров Сапархан Кесикбаевич
Министр сельского хозяйства Омаров Сапархан Кесикбаевич - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2021
Жазылу
Сапархан Омаров Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы қауаңшылыққа байланысты дер кезінде шара қолданбағаны үшін ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылған еді

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Экс-министр Сапархан Омаров "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне сайланды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

"Бүгінгі таңда азық-түлік келісімшарт корпорациясының алдында ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүргізу міндеті тұр. Сапархан Омаровтың ауыл шаруашылығы саласындағы бай тәжірибесі корпорация алдына қойылған міндеттер мен мақсаттарды тиімді орындауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Ауыл шаруашылығы министрі оставкаға кетуі керек – Тоқаев 

Еске сала кетейік, осы жылдың 10 шілдесінде Сапархан Омаров Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы қауаңшылыққа байланысты дер кезінде шара қолданбағаны үшін ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылған болатын.

Сапархан Омаров туралы не білеміз

1968 жылы 5 мамырда дүниеге келген. 1996 жылдан 2007 жылға дейін "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" АҚ-да қызмет атқарған. Азық-түлік корпорациясындағы 11 жыл ішінде бөлім бастығынан вице-президентке дейін көтерілді.

2008-2011 жылдары президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2011-2014 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болды.

2 жыл бойы ауыл шаруашылығы вице-министрі болып еңбек етті.

2016 жылдың 24 наурызынан бастап парламент мәжілісінің депутаты болып сайланып, аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы болды.

2019 жылдың 25 ақпанынан бастап 2,5 жыл бойы ауыл шаруашылығы министрі болып жұмыс істеді.

"Парасат" және "Құрмет" ордендерімен, мемлекеттік мерейтойлық медальдармен және 2010 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

Жаңалықтар
0