Қоғам

Коронавирус пен пневмониядан 74 адам қайтыс болды

© REUTERS / STOYAN NENOVВрачи в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Врачи в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2021
Жазылу
Қазіргі таңда 71 221 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 50 125 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жүр

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде 64 адам коронавирустан және 10 науқас ковидтік пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны бойынша тағы да рекорд жаңарды. Өткен тәулікте барлығы 6119 науқас тіркелді. Ал 233 науқастан вирустық пневмония анықталды.

COVID-19: Бір тәулікте анықталған науқастардың саны 6 мыңнан асып кетті 

Соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі кезде 71 221 адам коронавирус инфекциясынан (– 69 436 + және 1785 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 21 096 пациент стационарда, ал 50 125 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1258 адамның жағдайы ауыр;
  • 274 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 166 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
Жаңалықтар
0