Қоғам

COVID-19: Бір тәулікте анықталған науқастардың саны 6 мыңнан асып кетті

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди гуляют по Водно-Зеленому бульвару в Нур-Султане
Люди гуляют по Водно-Зеленому бульвару в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2021
Жазылу
Нұр-Сұлтанда 1 381, Алматыда 996, Қарағанды ​​облысында 794 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 6119 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бұл пандемия басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш. Бір күн бұрын  5708 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1381,
  • Алматы қаласы - 996,
  • Шымкент қаласы - 488,
  • Ақмола облысы - 189,
  • Ақтөбе облысы - 230,
  • Алматы облысы - 230,
  • Атырау облысы - 489,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 78,
  • Жамбыл облысы - 105,
  • Батыс Қазақстан облысы - 235,
  • Қарағанды облысы - 794,
  • Қостанай облысы - 156,
  • Қызылорда облысы - 129,
  • Маңғыстау облысы - 205,
  • Павлодар облысы - 203,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 110,
  • Түркістан облысы - 101.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 516 117.

Жаңалықтар
0