Қоғам

Отандық вакцинаны ДДҰ-да тіркеуді жеделдету керек – мемлекет басшысы

© Photo : Официальный сайт премьер-министра КазахстанаКазахстанская вакцина QazCovid-in
Казахстанская вакцина QazCovid-in - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2021
Жазылу
Қазақстан жақын болашақта QazVac вакцинасын басқа елдерге импорттауды жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеуді жылдамдатуды тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев: былтыр жазда болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайды

"Отандық QazVac вакцинасы қыркүйекте өнеркәсіптік деңгейде шығарылатынын есепке ала отырып, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеуді жеделдету керек. Бұл – денсаулық сақтау министрлігі мен сыртқы істер министрлігінің жұмысы", - деді Тоқаев.

Президент екіжақты мәмілелер аясында QazVac препаратын басқа мемлекеттердің нарығына жеткізуді қарастыру қажеттігін атап өтті.

"Үкімет осы мәселені ерекше бақылауға алып, бір ай мерзімде оның нәтижесі туралы баяндауға тиіс", - деп түйіндеді ол.

Жаңалықтар
0