НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов көтерме-тарату орталықтары қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол тиісті қоймалардың болмауы шаруалардың шығынына, өнімді ел ішінде бөлуге тікелей әсер ететінін, мұның соңы сөрелердегі азық-түліктің қымбаттауына әкелетінін айтты.
"Көтерме-тарату орталықтарын құру бір күнде шешіле салатын мәселе емес. Тиісті жұмыс кестесі бар. Бірінші кезеңде жеті КТО бойынша келісімшарттар бекітілді, жұмыс басталды. Біз енді инвесторлармен 2022 жылдың өніміне үлгеруге тырысамыз", - деді Сұлтанов брифингте.
Десе де, оның айтуынша, бұл бүкіл қажеттілікті жаппайды. 24 көтерме-тарату орталығының 15-і – агрологистикалық орталықтар. Олар ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін орындарда орналасады.
Оқи отырыңыз: Министр картоп пен сәбіз қашан арзандайтынын айтты
"Олар бәрібіз де бүкіл қажеттілікті қанағаттандырмайды. Біз зәкірлі жүйе құрып жатырмыз. Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында тапсырғандай, бизнес осындай көкөніс қоймаларын белсендірек ашу үшін тиісті жұмыс жүргіземіз. Олардың бәрі зәкірлі жобаның төңірегіне бірыңғай жүйеге шоғырланады", - деп түсіндірді министр.
Сұлтанов бірыңғай ақпараттық жүйе мұның негізіне айналатынын атап өтті. Жүйе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дұрыс ақпарат алып, өндіріс көлемін болжауға және өнімділікке бағытталған инвестицияларды есептеуге мүмкіндік береді.