НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде — Sputnik. Электронды үкіметте "вакциналау паспортының" жаңа электронды нұсқасы пайда болды.
Электронды құжат үш тілде ұсынылған және азаматтар вакциналаудың барлық кезеңінен өткеннен кейін беріледі.
Электронды құжаттың жаңа нұсқасында туған күні, паспорт нөмірі, QR-код сынды жаңа мәліметтер қосылды, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.
Құжат иесі паспорт сұратқан тарапқа QR-кодты көрсете алады. Бұл құжаттың шынайылығына көз жеткізуге көмектеседі. Кодты сканерлеу кезінде азаматты вакциналау туралы мәліметтер парақшасын ашу жүзеге асырылады. Алайда ол парақшада адамның вакциналаудан өту туралы дербес мәліметтердің таралуына жол бермеу мақсатында анықтамадағы деректер жасырылған (мәліметтердің бір бөлігі *** ретінде белгіленген).
Қажет болған жағдайда ұялы қосымшаны пайдаланушы электронды құжатын телефондағы мессенджер арқылы бөлісе алады.
Оқи отырыңыз: Вакцинация паспорты: бас санитар дәрігердің тағы бір қаулысы шықты
eGov mobile қосымшасындағы вакциналаудың электронды паспорты ұсыну мүмкіндігі жоқ азамат вакцина алғанын растау үшін медицина мекемесінде медицина қызметкері қағазға шығарып берген анықтаманы да ұсынуға болады.
Бүгінгі күні Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес өзгертулер енгізіліп жатыр.