Қоғам

Вакцинация паспорты: бас санитар дәрігердің тағы бір қаулысы шықты

© REUTERS / DADO RUVICПаспорт вакцинированного от коронавируса
Паспорт вакцинированного от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2021
Жазылу
Қазақстан мойындаған вакцинация паспорттарының арасында ресейлік құжат жоқ. Елдер қазіргі уақытта бұл мәселеге қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде — Sputnik. Қазақстан өз аумағында алты елдің вакцинациялау паспортын жарамды деп таныды. Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов тиісті қаулыға қол қойды.

"Мажарстан, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы және Молдова Республикасы азаматтарының вакцинация паспорттары (сертификаттары, анықтамалары) Қазақстан аумағында жарамды деп танылсын", - деп жазылған құжатта.

Құжат үлгісі қаулыда көрсетілген. Өзгеріс қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

КВИ-ға қарсы вакцинациялауды жүргізу нәтижесі бойынша Қазақстан азаматтарында және тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтарында электрондық "Вакцинация паспорты" болады. Ол "eGov mobile" мобильдік қосымшасының "Цифрлық құжаттар" сервисіне жүктеледі.

21 маусымда Қазақстан мен Ресей бір-бірінің паспортын жарамды деп тануға қатысты келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.

Денсаулық министрлігі вакцинацияның екі курсы да бір елде жасалауы тиіс екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта Ресейге баратын қазақстандықтар екпе салдырғанына қарамастан, ПТР-анықтама көрсетуі тиіс (мерзімі 72 сағаттан аспауы керек).

Қазақстанға келетін көрші ел азаматтарына да осындай талап қойылады.

Sputnik Қазақстан Денсаулық министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне хабарласты. Олар Қазақстан бұл мәселеге қатысты бірнеше елмен келіссөздер жүргізіп жатқанын жеткізді. Аяқталу мерзімі әлі белгісіз.

Жаңалықтар
0