Қоғам

"Кенесарының сүйегін қайтаруға көмектесемін": Путин Назарбаевқа уәде берді 

© Photo : liter.kzПамятник Кенесары хану в Астане
Памятник Кенесары хану в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Жазылу
Назарбаев Ресей басшысына қазақ халқы үшін соңғы ханның сүйегін тауып, туған жерінде жерлеу өте маңызды екенін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде Қазақстан халқына Кенесарының сүйегін қайтаруға көмектесуге уәде етті. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Елбасының Ресей Федерациясына жасаған жұмыс сапары барысында маңызды мәселелер талқыланды. Соның бірі – қазақ халқы үшін киелі артефакт болып саналатын Кенесары ханның сүйегін табу және Қазақстанға қайтару. Нұрсұлтан Әбішұлы Ресей президентінен осы жұмысқа ықпал етуді сұрады", - дейді Үкібай.

Назарбаев қазақ халқы үшін соңғы ханның сүйегін тауып, оның туған жерінде жерленіп, рухының тыныш табуы өте маңызды екенін жеткізген. 

"Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш президентіне ресейлік тарап жан-жақты көмек көрсететінін хабарлады. Путиннің айтуынша, артефакт табылады және Қазақстан халқына қайтарылады", - деп атап өтті Елбасының баспасөз хатшысы.

Кенесары ханның кісесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2017
Қоғам
Кенесары ханның кісесі табылды
Айта кетейік, бұған дейін Кенесары ханның сүйегін қайтару мәселесі талай рет көтерілді. Ғалымдар да, мәжіліс депутаттары да айтып, үкімет деңгейіне дейін жеткізген. Алайда соңғы ханның сүйегі әлі табылған жоқ. Тарихшылардың айтуынша, Кенесары ханның бас сүйегі Санкт-Петербургте өткен ғасырдың 80-жылдарына дейін Эрмитажда тұрған. Оны ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан да көрген. Ал одан кейін қайда кеткені белгісіз. Ғалымдар біраз музейді аралап шыққан. Бірақ ханның сүйегін таппады.

2022 жылы қазақтың аңызға айналған билеушілерінің бірі Кенесары Қасымұлының (1802-1847) туғанына 220 жыл толады. Тарихи деректерде Кенесарыны 1847 жылы қырғыз жеріндегі  Кекілік-Сеңгір аңғарында ұстап, Жамбы ауылында өлтіргені, денесін сонда қалдырып, бас сүйегін Омбыдағы Батыс-Сібір аймағының генерал-губернаторы, князь Петр Горчаковқа апарып бергені айтылады.

Жаңалықтар
0