Қоғам

Вакцина салғызған қазақстандықтар арасында ақшалай сертификат ойнатылады

© AFP 2024 / ROBERT ATANASOVSKIВрач подготовила шприц с вакциной от коронавируса для прививки пациента
Врач подготовила шприц с вакциной от коронавируса для прививки пациента - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2021
Жазылу
30 маусымнан бастап екпе алушылар арасында ақшалай сертификаттар ойнату жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Атырау облысында вакцина алғандар арасында ақшалай сертификат ойнатылады. Бұл туралы өңір әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол облыста вакциналау көрсеткішін жақсарту және тұрғындарды вакцина алуға одан әрі ынталандыру мақсатында сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтарында түрлі шаралар өткізіліп жатқанын атап өтті.

"Демеушілердің көмегімен 30 маусымнан бастап алдағы үш айда екпе алушылар арасында ақшалай сертификаттар ойнату жоспарланып отыр. Бұл туралы БАҚ-та кеңінен жарияланады. Бұл шара оң серпін береді деп күтілуде", - деді Досмұхамбетов үкімет отырысында.

Айтуынша, 26 маусымнан бастап өңірде коронавирус жұқтырғандар көбейіп, облыс "қызыл" аймаққа өтті.

Оқи отырыңыз: Дубайға жолдама - Алматыда тағы бір ұтыс жарияланды

Атырау облысына 120 200 доза бірінші компонент, 117 200 доза екінші компонент вакцина жеткізілген.

Бүгінде 81 861 адамға бірінші компонент егілсе, екінші компонент 44 827 адамға салынды.

Жаңалықтар
0