НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Алматының Жетісу ауданында вакцинаның бірінші дозасын салдырғандар арасында Біріккен Араб Әмірліктеріне жолдама ойнатылады. Бұл туралы аудан әкімі Гүлнәр Көкебаева мәлімеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары мен қонақтары! Біздің "вакцина ал - жүлде ал" науқанымыз жалғасын табуда! Екпенің бірінші компонентін салдырып, БАӘ-де екі адамның демалысына жолдама ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз! Сертификатты өзіңізге қолайлы уақытта пайдалану мүмкіндігімен беріледі!", - деп жазды Көкебаева Instagram парақшасында.
Акция 24 маусымда басталып, 11 шілдеге дейін жалғасады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жеңімпаздар тікелей эфирде анықталады.
Пәтер мен көлік
Нұр-Сұлтанда вакцинаны жаңадан салдыратын адамдар арасында екі бірдей ірі сыйлық ойнатылады.
Бұған дейін Mega Silk Way сауда орталығы Hyundai Accent маркалы автомобильді ұтысқа салынатынын жариялады. Ұтыс 23 маусым мен 31 тамыз аралығында өтеді.
Ал қала әкімі Алтай Көлгінов 25 маусымнан бастап екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылатынын жариялады. Акция тамыздың аяғына дейін жалғасады.
"Ал пәтер ұтыс ойынына вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады. Қыркүйек айының басында нәтижесін жариялаймыз. Конкурстың әділ өтуі және вакцинацияланғандарды толығымен қамту үшін (көрсетілген кезеңде) IT-қоғамдастықты жұмылдырамыз", - деп дейді Көлгінов.
Әкімнің айтуынша, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін қала халқының 60%-тен астамы вакциналануы қажет.
Оқи отырыңыз: "Вакцина салып, пәтер ұтып ал": тағы бір облыс ұтыс жариялады
Бұдан бөлек, бүгін Маңғыстау облысы да екі бөлмелі пәтерді ұтысқа шығаратынын мәлімдеді. Әр жұма сайын бағалы сыйлықтар ойнатылады. Соның ішінде мобильді телефондар мен тұрмыстық техника бар. Ал бір айдан кейін Ақтаудағы 2-бөлмелі пәтер ұтысқа шығарылады.