Қоғам

Министрлік коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуМедицинский работник в больнице
Медицинский работник в больнице - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2021
Жазылу
Өткен тәулікте 11 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым - Sputnik. Бір тәулікте COVID-19 және пневмониядан 11 қазақстандық қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оның ішінде коронавирустан 10 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан бір адам қайтыс болды.

28 маусымдағы мәлімет бойынша 24 001 адам коронавирус инфекциясынан (22 707 КВИ+ және 1 294 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 7 307 пациент стационарда, 16 694 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 474 адамның жағдайы ауыр,
  • 98 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 66 науқас адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Оқи отырыңыз: Карантин күшейтіледі: Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

Жаңалықтар
0