Қоғам

Карантин күшейтіледі: Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

© Sputnik / Абзал КалиевПарень со смартфоном идет по улице
Парень со смартфоном идет по улице - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Жазылу
Елордада карантин режимі коронавирустың үнді штаммы анықталғаннан кейін күшейтіледі

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым - Sputnik. Нұр-Сұлтанның қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордада коронавирустың үнді штаммының таралуын алдын алу мақсатында шектеулерді мақұлдады.

Жаңа шектеулер 27 маусымнан күшіне енеді.

Сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмыс уақыты

Сауда ойын-сауық орталықтарының апта ішіндегі жұмыс уақыты 10:00-17:00 аралығына белгіленді.

Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. 

Азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын дәріханаларды, шағын маркеттерді, супермаркеттер мен гипермаркеттерді, COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді, "Ashyq" жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарын қоспағанда.

Қоғамдық көліктің жұмыс кестесі

Қоғамдық көлік жұмысы өзгеріссіз қалады: жұмыс күндері және сенбі күні штаттық режимде, ал жексенбіде дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі.

Дәмханалар мен мейрамханалардың жұмыс уақыты

Ғимарат ішіндегі мейрамхана, дәмхана, барлар мен асханалардың жұмысы 07.00-20.00 аралығында шектелді. Сенбі мен жексенбіде жұмыс істеуге тыйым салынады. Даладағы ашық жаздық дәмханалар сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істей алады (Ashyq жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда).

Нұр-Сұлтанда базарлар қалай жұмыс істейді

Жабық азық-түлік базарлардың жұмысы жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда вакцина салдыратындар күрт көбейді – видео

Мемлекеттік органдар (ұйымдар), ұлттық компаниялар, кәсіпорындар әкімшілік персоналының кемінде 80%-ін қашықтықтан жұмыс түріне ауыстырады. Коронавируспен ауырған немесе вакцина алған қызметкерлер әдеттегі тәртіпте жұмыстарын жалғастырады. Бұл ретте соңғы 3-6 ай ішінде COVID-19 -ға қарсы вакцинаның толық курсын алған және COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

Студенттерге арналған қорытынды емтихандар қашықтан тапсырылады.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Жаңалықтар
0