НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Коронавирустың таралуы бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы "қызыл" аймақта бес өңірдің тұрғанын көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2021 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Қостанай және Маңғыстау облыстары.
"Жасыл" аймақта: Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.
Қазақстанда өткен тәулікте 1 730 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды.
Оқи отырыңыз: "Қорқудың қажеті жоқ": Елбасының вакцина салдырған сәтінің видеосы жарияланды
Сондай-ақ елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 416 442 жетті.